Белгілі қазақ жазушысы әйелдерге күйеулерін қалай тәрбиелеу керектігін айтты

Күйеуінің “анасына” айналып баратынын сөз етіп, жұбайын қайта тәрбилеуге ұмтылатын нәзік жандылар жоқ емес. Жалпы, оны қайта тәрбиелеген дұрыс па? Мінез өзгереді ме?Ер адамның жалқауланып кетуіне не себеп? Жазушы Еркінбек Серікбай Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне осы сұрақтарардың жауабын берді.

“Егер үш адам сапарға шықса, онда араларынан бірін басшы етіп тағайындасын” деген пайғамбарымыздан (с.ғ.с) келген хадис бар. Ол жерде біріншісі басшы, екіншісі қосшы болады. Жанұяда да осы білінеді. Отбасы деген — үлкен өмірдің жолы. Біздің қазіргі қоғамда адамдардың барлығы басылып қалған. Пікірлерін білдіру бірнәрсеге байланысты. Ер адамның тарапынан алып қарайық. Оның ынтасы, өмірге деген көзқарасы жоқ. Ол өмірді зерттеп, “оның қуысы бар, сол жерге кіріп мен де бірнәрсені табайын, дамытайын” демейді. Әйелі тауып берсе, біреу жағдайын жасаса, соған қалыптасып қалады. Робот сияқты баратын жерге барады, келетін жерге келеді. Еркектің өзіндік ойы, пікірі жоқ.

Отбасына келгенде, олар әйелінің ығында қалып кетеді. Әйелдің аналық жүрегі бар. Ол балаларының жұрттыкінен қалып, дұрыс киім кимей, тамақ ішпей жүргенін көргісі келмейді. Жұмыс істеп, оларды асырайды. Бірақ оған күйеуі қосымша, тіпті рухани қолдау білдірмейді. Өз ыңғайында жүре береді. Өкінішке орай, осындай ер адамдар көп. Бірнәрсені армандап, оған қолы жете алмағандықтан өз-өздерін тастайды. Негізі, тастамай, қалаған дүниеге қайта-қайта ұмтыла беру керек”, — дейді жазушы.

“Ер адамды қайта тәрбиелеуге болмайды, мінез өзгермейді” деген сынды пікірлер қоғамда таралып кеткен. Жазушы мінездің өзгертілмейтініне сенбейді.

Абайдың “Мінезім өзгермейді деген адамның тілін кесу керек” деген керемет сөзі бар. Кез келген жағдайда сіздің мінезіңіз өзгереді. Сіз кез келген жағдайға: соғыс болса, соғысқа, құрғақшылық болса, құрғақшылыққа бейімделу керексіз. Мысалы, адамның ішкі дүниесі де түрлі қарама-қайшылықтардан тұрады. Қыста қалың, жазда жұқа киінесіз. Бұл сіздің табиғаттың ішіндегі қарама-қайшылықтарыңыз. Соның ішінде өмір сүріп жатырсыз. Соған қарай бейімделудесіз.

Сол сияқты өмірдің де түрлі кедергілеріне бейімделу керек. Күн сайын міндетті түрде өз-өзіңізді дамытып отырған маңызды. Ыңғайлы аймақ деген бар, оны зона комфорта деп те атайды. Содан шығуға барынша тырысу қажет. Әрине ол оңай емес. Мысалы, сағат сегізде ұйықтап жүрген адам, келесі күні 7 сағат ұйықтаса, кешке таман маужырай бастайды. Себебі, ол сол аймаққа үйреніп қалған. Адамға өз-өзін қайтадан тәрбиелеу керек. Мінезім өзгермейді, туылғанымнан осындай, әке-шешемнен дарыған деген дұрыс емес. Әр заманға, ыңғайға, кезенге қарай, мінезді міндетті түрде дамытып, қайта-қайта оны жаңғыртып отыру қажет”, — дейді Еркінбек Серікбай

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар