Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі қари құран оқып отырған сәтте өмірден өтті

24 сәуір, дүйсенбі күні Индонезия әлеуметтік істері жөніндегі министрдің қатысуымен өтіп жатқан шара барысында Шейх Жағфар Абдурахман есімді елге танымал беделді қари (хафиз) Құран оқып жатқан сәтінде бақилық болды.

xlarge

Қари Шейх Жағфар айтулы шараның ашылу салтанатында қасиетті Құран Кәрімнің Мүлк сүресін оқып жатқан еді. Кенеттен қари өзін нашар сезініп, жанында тұрған адамдар оны дереу жатқызады. Шейх Жағфар медициналық жедел-жәрдем көмегі жеткенге дейін демі үзіліп, өмірден өтті, деп жазады muslim.kz.

 

Талқылау