Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі астролог Юлия Кацман Дариға Назарбаеваның болашағын болжады

Суретші əрі астролог Юлия Кацман танымал тұлғалардың болашағына болжам жасап қана қоймай, олардың портреттерін салғанды ұнатады.

f9c5d1f81057ceb7e6b2eaddf720f98f

Бұл туралы express-k.kz сайты хабарлайды.

Юлияның қылқаламынан шыққан туындылардың ішінде атақты актер Майкл Мэдсеннің, Колин Фаррел, Арманда Ассанте секілді Голливуд жұлдыздарының суреттері бар.

Суретші отандық танымал тұлғалардың да келбетін қағаз бетіне түсіргенді ұнатады.
Сол суреттері арқылы ол өзінің объектілерінің болашағын жорамалдайды .

8370a09dcc7f3299e18376c9dd5eb4bb
«Өткен өмірде Дариға Назарбаева тауешкі белгісінің функциясын атқарған болуы мүмкін. Жорамалдарға қарап оны рухани лидер болған деуге болады. Жұлдыз белгілеріне қарап Дариға Назарбаева өз еліне етене жақын екенін аңғаруға болады. Сондықтан ол өз отаны үшін барынша еңбек етеді. Дариға Назарбаева салмақты жан жауапкершілігі жоғары адам. Мен оған жүйке жүйесіне көңіл аударуға жəне дер кезінде демалуға кеңес беремін. Жалпы мен жасаған жорамалдың қорытындысы бойынша Дариға Назарбаева қыркүйек айына дейін алдына қойған мақсаттарына еш кедергісіз жетеді. Одан кейінгі кезең жұмысқа толы болмақ. Шығармашылық потенциалы артады. Қайырылымдық шараларымен айналысуы мүмкін»,-дейді көріпкел.

Талқылау