Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың ұлы әкесінің өмірі туралы сыр шертті (фото)

Белгілі археолог, жер жүзіне танылған «Алтын адамды» тапқандардың бірі – Бекмұханбет Нұрмұханбетов туралы аяулы сырды ұлы айтып берді.

29d20517df1ace28930b99c981288d83

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.


Ол ата-анасы есімін әкесінің ісін жалғастырушы болсын деген ырыммен Мирас деп қойғанын еске алады.
4f6132d7093acd1999d43b497f320750

 

Айта кетейік, “Алтын адамды” тапқан арxеолог Бекен Нұрмұханбетұлы өмірден озған еді.
«Біз төрт ағайынды едік, қазір үшеуміз қалдық. Біздер археологияның не екенін бала жастан ұғып өстік. Әкемнің достары, таныстары ол туралы мінезі ашық, ешкімнің көңілін қалдырмайтын, көмек жасауға ұмтылып тұратын адам деп айтады», – дейді ұлы.

062017fb7e4aad53b51b66cea486fad4
Әрдайым экспедияларда жүретін ғалым әкелерін ұлдары асыға күтетін. Сондықтан сапардан келісімен уақытын балаларына бөлетін.
«Ол соңғы «экспедициясына» аттанып, ата-баба аруақтарымен табысты. Жатқан жерің жәннатта болсын! Иманды болсын!», – деп жазады Арман Нұрмұханбетов өзінің Facebook-тегі парақшасына.

 

Бұл сенсациялық жаңалық Есік қорғанының атын барша әлемге жайды. Табылған «Алтын адам» кейін тәуелсіз Қазақстанның символына айналды. Сақ жауынгерінің бейнесі Алматыдағы тәуелсіздік алаңындағы ескерткіште бейнеленген.
c8576c4b50c9cb68b8ceb43a7ab05044

 

2011 жылы археолог Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын ашты. Ұлы Жібек жолында орналасқан «Есік» қорық-мұражайы еліміздің мәдени туризмін дамытудағы маңызды нысандардың біріне айналды.

dc2bd6f1fd91c5f81fc3b20c7e839505

Талқылау