Белгілі актер, марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызының басынан қатерлі ісік табылды

Театр актері марқұм Шалқар Үркімбаевтың жұбайы Оксана екінші рет ауыр жағдайға тап болды. Ол 4 баланы тәрбиелеп отыр. Алайда аяқ астынан үлкен қызы қатты ауырып қалған. Дәрігерлер оның басынан қатерлі ісік тапқан.

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мына видеожазбада кішкентай Шұғыла жас дарындардың кезекті концертінде өнер көрсетуде. Ол кішкентай кезінен өнерге бір табан жақын екенін аңғартқан. Араға бір жыл сала Шұғыланың басынан қатерлі ісік табылады деген ой ешкімнің ойына кіріп-шыққан емес. Ауыр дерт салдарынан кішкентай қыздың өмірі де өзгерген.

Оксананың жұбайы, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының актері Шалқар Үркімбаев өзіне қол жұмсағаннан кейін, ол 4 баласымен жалғыз қалған. Тұрғын үйге байланысты сот процестері , ақша жетіспеушілігі және қызының ауыр дерті әйелді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүрлеген.

«Сіздердің көмектеріңіздің арқасында 17 шілдеде Ыстамбұлға келдік. 13 қазанда Шұғылаға індетті жою мақсатында ота жасалды. Қазір қызым өзіне келуде. Құрметті қазақстандықтар, жағдайымызға бей-жай қарамайтын адамдар, бізге көмектесулеріңізді сұраймыз», – дейді Шұғыланың анасы Оксана Үркімбаева.

Ендігі Шұғылаға химиялық терапия жасалуы тиіс. Үш ай ішінде қазақстандықтардың көмегімен Шұғыланың еміне 24 мың АҚШ доллары жиналған. Бірақ аурудың асқынуына байланысты, тағы 40 мың АҚШ доллары қажет. Кішкентай қызға індет өз отанында жұққан.

«Қыз Ыстамбұлға жеткенде, жағдайы елімізде болжағаннан да ауыр болған. Олай болмағанда, ота жасалатын еді. Індеттің кесірінен ол 2 ай бойы жан сақтау бөлімінде жатты. Індет тез жайылып жатқандықтан, дәрігерлер оны жою үшін барын салды», – дейді «Мейірімділік» ерікті қоғамы жобаларының менеджері Светлана Селюнина.

Нейрохирургтердің болжамы бойынша, баланың жағдайы қалыпты. Бірақ басындағы қатерлі ісік жылдам ұлғайып келеді. Егер оны хирургиялық жолмен жоятын болса, асқынуына алып келіп, Шұғыла ақыл-ой кемтарлығына ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол алдағы уақытта көптеген сәуле және радиациялық терапиядан өтуі тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар қоғамдық көлікте қарияларға орын бермеуге кеңес берді

Қостанай облысында діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартқан кейуана көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

“Голос” мега-шоуының жұлдызын бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар