Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгі сияқты болды: Әйел мысығының арқасында қатерлі дертке шалдыққанын білген

Англияның Ньюкасл қаласының тұрғыны Анджела Тиннинг сүт бездерінің қатерлі ісігіне шалдыққан. Ол мұны дерттің бастапқы кезеңінде мысығының арқасында біліпті.

Белгі сияқты болды: Әйел мысығының арқасында қатерлі дертке шалдыққанын білген

Бұл туралы Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, бірнеше жыл бұрын Мисси атты мысығы біртүрлі қылық таныта бастаған. Иесі төсекке жатқан бойда мысық оның кеудесіне секіріп, үстіне жатып алады екен.

«Менің мысығым еркелеткенді ұнатпайтын. Сондықтан оның мұндай қылығы маған біртүрлі көрінді», – дейді Тиннинг.

Белгі сияқты болды: Әйел мысығының арқасында қатерлі дертке шалдыққанын білген

Мұнан кейін Тиннинг кеудесінің ауыратынын сезе бастаған. артынша дәрігерлерге жүгініпті. Дәрігерлер оның тіндерінен қатерлі ісік алды жасушаларын анықтап, оларды жою бойынша ота жасады.

Екі жылдан кейін Мисси тағы да өзін біртүрлі ұстай бастапты. Бұл жолы Тиннинг денесінен ауырсыну сезімін байқамаса да, дәрігерлерге қаралуды жөн көрген. Алайда биопсия әйелдің бойынан ерте кезеңдегі қатерлі ісікті анықтады. Оған мастэктомия, яғни сүт бездерін алып тастау бойынша ота жасатуға тура келген.

Дәрігерлердің айтуынша, егер Тиннинг өз еркімен тексерілуге келмегенде, оның бойындағы дерт тағы бірнеше ай бойы байқалмайтын еді.

Белгі сияқты болды: Әйел мысығының арқасында қатерлі дертке шалдыққанын білген

«Менің еш жерім ауырған жоқ. Алайда мысық кеудеме секіріп, жатып алды. Мен үшін бұл белгі тәрізді болды. Егер тағы біраз жүргенімде, ісік үлкейіп кетер еді. Мисси болмаса, баяғыда өліп қалар ма едім», – дейді Тиннинг.

Өз кезегінде иесі мысығын Ұлыбританиядағы Cats Protection («Мысықтарды қорғау») қайырымдылық ұйымының «Жыл мысығы» байқауында «Батыр мысық» сыйлығына ұсынған. Сонымен қатар Тиннинг сүт безінің қатерлі ісігінен зарап шегетін әйелдерге қаражат жинауға көмектесумен айналысады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау