Бекжан Тұрыс: Өсектен биік тұратын бүтін көңілдің иманын ұмытпайық

Жұма, 8 Шілде , 2016 10:14

Актер әрі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс әлеуметтік желіде жазылып жатқан пікірлердің мазмұны Ораза айы біте салысымен бірден өзгеріп сала бергенін байқағанын айтады. Қоғам қайраткері мұны Жаратқан мен адамның өзінің алдындағы жасандылыққа теңеді.

image

Фото: facebook.com/profile.php?id=100007476183615

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Көз тазасы не керек?-деген xалық даналығын айтам. Сана мұқалды ма, әйтеуір бүгін де xалық даналығына құлақ аспайтын болдық қой. Күні кеше ғана ораза айында келбетімізден имандылықтың нұры төгіліп, жүрекке қуаныш, көңілге шуақ, құлаққа жылылық сыйлап, ізгілік, тазалық, адамгершілік жайында ғибратты әңгімелер айтып, бір-бірімізбен құшақтасып, бір-бірімізбен дос бауыр қылған қимастық сезімдер-ай.

Ораза өте сала арсыз тірлікке қайта көшіп қабағы қатуланған пенделердің бірін-бірі ғайбаттап, бірін бірі боқтап жатқанын көріп қайран қалдым. Сонда бұл не, жасанды құрмет пе? Әлде Құдайды да, өзімізді де алдау үшін жасалып жатқан уақытша ғана қайырымдылық, уақытша ғана адамгершілік, уақытша ғана ізгілік, уақытша ғана имандылық па? Адамша өмір сүруге не жетпейді? Есептен де, өсектен де биік тұратын бүтін көңілдің иманын жоғалтып алмайықшы бауырлар”, – дейді ол.

Желі қолданушыларыда осы тақырыпқа қатысты түрлі пікір білдірген. “Өкінішке орай, солай аға. Ораза тұту “мода” болды. Ал иманы жүрегіндегілер жыл он екі ай қалыпты ғой”, “Десек кейбіреулер ораза болмаған, АССАУМ болған.

Осы ай басталғалы қызыл, жасыл, сары деңгейлерді көріп жүрдік емес пе?! Тіпті біз үлгі тұтып жүрген бір мемлекетте осы айдың аяқталуына күтпей-ақ жарылыс болды. Тіпті, қай жерде болды десеңізші… Ой түю керек сияқты”, – дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті

Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар