Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеуханов “Ninety one” тобына қатысты пікірін білдірді

Қоғам қайраткері, белгілі саясаткер Бекболат Тілеухан “Ninety one” тобына қатысты мәселелерде Ринат Зайытовпен  1000% келісетінін айтты.

11363912_1721333801444991_553909293_n

Фото: ВК

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ерболат Беделхан продюсерлік ететін “Ninety One” ұжымына атылған сын оқтарының саны артпаса, азаятын емес. Біреулер аталған жобаны жақтаса, кейбіреуі даттауда. Солардың бірі белгілі қоғам қайраткері  – Бекболат Тілеуханов.

“Ninety one” тобына қатысты мәселелерде Ринат Зайытовпен 1000% келісемін. Қазір әлемде қызтекелікті жарнамалау басталды. Оған қарсы қатты сөз айтатындай қазір жағдай жоғары емес. Бұған иммунитет бола алатын бір-ақ нәрсе бар. Ол – ұлттық дәстүр. Неғұрлым өзіңнің рухани жағдайыңа, ұлттық дәстүріңе, тіліңе, дініңе мықты болсаң, соншалықты мұндайдан сақтанасың. Әйтпесе аяғың тайып тасқын суға түсіп кеткен құрдымнан бірақ шығасың”, – дейді Бекболат Тілеуханов.

Саясаткер, мұнымен қатар, құлдық сананың әлі де бар екенін айтып, ана тілді қастерлеуге шақырды. Айнұр, Айгүл сынды әдемі есімдерді Айгуля, Айнура деп өзгертпеуге, барынша ұлттық болмысымызды сақтап қалуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, Беделханның “Ninety one” тобын даттаушыларға пікірін суретпен жеткізгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау