Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеуханның тойда айтқан әнін жұрт ұйып отырып тыңдаған (видео)

Атырау қаласындағы тойлардың бірінде Бекболат Тілеухан халық әні “Япыр-айды” орындаған. Аталған әнді жиналған жұрт ұйып отырып тыңдаған.

0

Фото: instagram.com/btleukhan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тілеуханның ән салып тұрған сәті таспаланған видеоны Өмірқұл Айниязов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасына жүктеген.

“Әнші Бекболатты сағынған ел оны тым-тырыс отырып тыңдады”, – дейді.

@btleukhan Әнші Бекболатын сагынған ел #тымтырыс #атырау

Видео опубликовано Өмірқұл Айниязов🇰🇿 (@omirkul_ainiyazov)

Видеоны көрген желі қолданушылары да қоғам қайраткерінің өнеріне қайран қалған. Желі қолданушылары “Керемет дауыс иесі”, “Ағамыз мынандай даусымен депутат болып қор болып жүрген сияқты”, “Даусы мен талантын саясатқа ауыстырып жіберді ғой ағамыз” деген сынды пікірлер білдірген.


Жіберіп алмаңыз:

Дарын Мұбаров: “Бекболат Тілеуханның ұстазы емеспін, бірақ некесін қиғам”

Серік Аббас-шах: Бекболат ваххабизмді насихаттап, қазақтың басын қатырды (видео)

Актер: Бекең депутаттық мандаты біткен соң қазағымен қайта қауышады

Бекболат Тілеуханов: Таңдауымды түсінші, асыл алашым

Талқылау