Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеухан: Құдай берген көп жарым, 14 балам бар 

Мәжіліс депутаты, ҚР ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан жұрт арасында өрбіген көкпарға қатысты дауға пікір білдірді. Одан  бөлек жеке өміріне қатысты айтып өтті.

Бекболат Тілеухан

Көкпар дауынан соң жұрт тарапынан Бекболат Тілеуханның орнына Мұхтарха Ділдәбековті қою туралы ұсыныстар айтылды. Бұған қатыст мәжіліс депутаты өз ойын білдірді, деп жазады Sputnik.

“Олимпиада чемпионы әрі күміс жүлде иегері Мұхтархан Ділдәбековті жақсы спортшы ретінде танимын. Бұл орынға лайық деп те ойлаймын. Бірақ басқару оңай дүние емес. Ол жақсы азамат, мықты спортшы. Ал басқару қабілеті қандай екенін білмеймін. Егер жұрт лайық десе, шынында лайық болғаны да”, – деді ұлттық спорт қауымдастығының президенті.

Желіде көкпаршының бірі өзінің бір күн бұрын телефон арқылы шақырту алғанынын, Қазақстан көкпаршыларының дайындығы мүлде болмағанын айтқан еді. Алайда Бекболат Тілеухан оның сөзін теріске шығарды.

“Бұл өтірік сөз. Көкпаршыларымыздың жаттығуы үшін министрліктен қаражат та бөлінеді, аттар да бапталады. Қырғыз арнасы сөздерді қысқартып, монтаждап тастағандықтан осындай дау туып отыр. Көппаршылардың барлығы дайындалды. Тек біздің қоғамда көкпарға деген қызығушылық қырғыздардай емес”, – дейді ол.

Мәжіліс депутаты тоқал алу мәселесі мен жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап бере кетті.

“Тоқал деп айту дұрыс емес, екінші не үшінші жар деп айту керек. Тоқал деп мүйізі жоқ сиырды айтатын еді. Сондықтан бұл сөз құлаққа жағымсыз естіледі. Менің құдай берген көп әйелім бар. Бірақ сіз айтқандай бесеу емес. Және соңғы кезде “Бекболат Тілеухан 11 баласы барын мойындады деп” шағырыпты. Менің 11 емес, 14 балам бар”, – деді мәжіліс депутаты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау