Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеухан: Халықтың жағдайын бұрынғымын салыстыруға келмейді

Баспананың қолжетімді бола түсуі, білім алу мүмкіндігінің артуы және салық төлеудегі жеңілдікті үлкен әлеуметтік жаңғыру деуге болады. Елбасының жаңа бастамаларына қатысты парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан осындай пікір білдірді.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Оның айтуынша, мұның барлығы ел ішіндегі ауызбіршілік пен тұратылықтың арқасында болып отыр. Өйткені әлемнің түкпір-түкпірінде соғыс оты өршіп жатқан заманда және дағдарыс салдарынан кей елдер әлеуметтік көмегін қысқартып жатқан кезеңде Қазақстан батыл қадамдармен алға жылжып келеді. Сондықтан осы құндылығымызды ерекше бағалап, оның ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне ел болып атсалысуымыз керек. Депутат осылай деді.

“Былай айтқанда жағдайымыз жақсы, халықтың әлеуметтік жағдайы бұрынғымын салыстыруға келмейтін дәрежеде жоғары. Енді еліміздің бірлігін сақтауымыз керек, Президенттің де айтып отырғаны осы”, — дейді Бекболат Тілеухан.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Баян Алагөзова: Әйелдер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бермесе, олар бәрібір көңілдес болып кездесе береді

Талқылау