Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тiлеухан: Ағайынды жігіттерді өлтірген қылмыскерлерге барынша қатаң жаза кесу керек

Бүгiн Мәжiлiс отырысында депутат Бекболат Тiлеухан Iшкі iстер министрiне депутаттық сауал жолдады.

имсч

Фото: newstaraz.kz

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Өткен аптада Алматы облысы Жамбыл ауданында болған жан түршiгерлiк оқиға, қанқұйлы қылмыс бүкiл елдiң қабырғасын қайыстырып отыр. Адал еңбегiмен бала-шағасын асырап жүрген есiл азаматтардың айдың күннiң аманында қарақшылардың қолынан айуандықпен қаза табуы жанымызды жабырқатып отыр. Кеше ғана жер қойнына тапсырылған қыршындардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңiл айтамыз. 8 баланы жетiм қалдырып, көз жасына қалған қарақшылардың әдiл жазасын алуын Парламент Мәжiлiсiндегi “Нұр Отан” фракциясы айырықша назарында ұстайды деп сендiргiмiз, жұбатқымыз келедi”, – дедi Б.Тiлеухан.

Оның айтуынша, бұл бiр отбасының ғана емес, бүкiл қоғамның жүрегiне түсiп отырған ауыр салмақ.

“Ата кәсiбi мал шаруашылығы болған елде мал ұрлығына үстiрт қарап, полиция тарапынан қажеттi назардың кемшiндiгi де жасырын емес. Жалпы, соңғы кездерi қарап отырсақ, бейбiт елдiң берекесiн алған экстремизм мен терроризм, нәрестесiн лақтырған ана, “ана” деуге келсе егер, адамдықтан безген педофилия сияқты қылмыстар қоғамда өршiп бара жатыр. Осы орайда Iшкi iстер министрлiгi осы iспеттес қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында қандай жұмыстар атқармақ? Осындай қоғамның алаңдатушылығын тудырып отырған қылмыстарды ерекше санаттағы қылмыстар деп бағалап, оларға берiлетiн жазаны барынша күшейту үшiн қандай шара қолданылмақ?”, – деген сауалын жолдады депутат.

Бекболат Тiлеуханның бұл депутаттық сауалына ақжолдықтар да қосылды.

“Бұл барлық депутаттардың ортақ пiкiрi”, – дедi өз кезегiнде Мәжiлiс төрағасы Н.Нығматулин.

Бұған дейін ағайынды азаматтардың бірінің ұлы да қаскөйлерге өлім жазасын беру керек деген болатын.

Қанды оқиғаны жасады деген күдіктілер ұсталған. Қазіргі таңда екі ер адам қамауда отыр. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.  Өлтірілген ағайындыларды өлім алдындаайуандықпен қинағанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыздар:

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты

Тұңғышбай Жаманқұлов: Арыстанбекпен текетіресім ол ректор болып тұрғанда басталған

Оралда белгісіз біреулер танымал кәсіпкердің жүргізушісін тамағынан бауыздап кеткен

Талқылау