Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Аir ұшағындағы пилоттың бірі Қонаевтың жеке ұшқышының немересі болып шықты

Астанаға Қызылордадан ұшып келіп, апатты жағдайда қонған Bek Air әуекомпаниясының ұшақ экипажындағы батыр ұшқыштардың бірі Вадим Смеречанский – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жеке ұшқышы Александр Корнеевич Смеречанскийдің немересі болып шықты.

1901396_513467468758213_5963376095989683593_n

Суреттер Вадим Смеречанскийдің Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Вадим Смеречанский – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жеке ұшқышы Александр Корнеевич Смеречанскийдің немересі. Александр Корнеевич «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Тың жерлері игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ, «Әуефлотының үздігі» және «ҚР еңбек сіңірген авиация қызметкері» лауазымын иеленген.

1231122_465616546876639_1122353836_n

Вадим Смеречанский 1988 жылы 6 қаңтарда өмірге келген. 2011 жылы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. Қазір отбасылы.

Әлеуметтік желі қолданушылары қауіпті жағдайда ұшақты шеберлікпен қондырған ұшқыштардың ерлігін «Халық қаһарманы» атағына лайық деп бағалап, желіде пікірлерін қалдырды.

Ал, Bek Air басшылығы ұшақты қауіпсіз түрде қондыра алғаны үшін ұшақ экипажына алғыс жариялаған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанаға Қызылордадан ұшып келген Bek Air әуекомпаниясының ұшағы апатты жағдайда дөңгелексіз қонғанын, Bek Air жолаушысының оқиға кезіндегі жағдайды баяндап бергенін хабарлаған едік.

Талқылау