Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бегемоттар гну бөкенін қолтырауындардан қорғап қалды (видео)

ОАР-дегі Крюгера саябағында куәгер қолтырауындардың гну бөкеніне шабуылдағанын видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бегемоттар гну бөкенін қолтырауындардан қорғап қалды (видео)

Ролик кадрларынан суда жасырынып жатқан қолтырауынның су ішуге келген бөкенге тап бергені байқалады. Осы кезде оған өзге де қолтырауындар қосылып, бөкеннің артқы аяғына жармасады. Олар бірігіп бөкенді суға алып кетті.

Мұнан кейін өзенде отырған бегемоттар болған оқиғаға қызықтай қараған. Қолтырауындар өздеріне жақындап келгенде, бегемоттар оларды тістеп алды. Нәтижесінде бөкен қолтырауындардан босап шығып, әрі қарай жүзіп кетті. Өз кезегінде бегемоттар бөкенді қоршап алып, оны жағаға дейін шығар салған.

Судан шыққан бөкен аяғы жарақаттанғандықтан, ақсаңдай басып, өзенді бойлай жүрген.

«Алған жарақатынан кейін бөкенді не күтіп тұрғанын ойламау мүмкін емес», – дейді видео авторы.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар жетістікке жетуге көмектесетін басты 6 қасиетті атады

Сәннен қалғысы келмеген бойжеткендер көз алмасына әшекей бұйым таға бастады (фото, видео)

Ғалымдар алғаш рет екі жәндіктің жадысын бір-біріне ауыстырды

Ауруханада сал болып қалған 6 айлық сәби: Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды

Талқылау