Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беделханмен жанжалдасқан қос жігіт украиналық продюсермен келісімге отырды

Жыл басында Есболат Беделханмен жанжалдасқан Black Dial тобының экс-мүшелері жаңа продюсермен жұмысты бастаған. Олардың жаңа жетекшісі – украиналық продюсер.

Беделханмен жанжалдасқан қос жігіт украиналық продюсермен келісімге отырды

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ескелді мен Самат қазір бар уақытын ән жаздыру студиясында өткізуде. Олар аз уақыт ішінде алғашқы бейнебаянын түсіріп үлгерген. Алғашқы туынды “Дәрумен” деп аталады.

“Бұл ән арқылы әр адам өзіне дәрумен алады. Біреуге шабыт, көңіл-күй сыйлауы мүмкін. Біз бұл ән арқылы “Q-pop-тың дәрумендері келді” дегенді жеткізгіміз келді”, – дейді жігіттер.

Өнерпаздар экс-продюсерлері Есболат Беделханмен арада болған жанжалға нүкте қойды. Бүгінде жаңа продюсермен жұмысты бастап кеткен. Виктор есімді украиналық азамат EQ тобының қазіргі жетекшісі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау