Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беделхан “Ninety one” тобын даттаушыларға пікірін суретпен жеткізді

Айтыскер ақын, әнші Төреғали Төреәлі мен “Орда” тобы солистерінің арасындағы дау өрши түсуде. Бұл дау Ерболат Беделхан жетекшілік ететін “Ninety one” тобының сырт келбетіне байланысты туындаған. Топқа қарсы пікір білдіргендерге бұл жолы Есболат Беделхан “ерекше әдіспен” жауап қайтаруды жөн көрді.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өздеріне қарсы айтылған пікірге Ерболат Беделхан түсіністікпен қараса да, топтың стилін өзгертпейтінін айтқан.  Ал “Орда” тобының тағы бір солисі Есболат Беделхан мұның барлығына “басқаша” жауап беруді жөн көріпті. Әнші олармен сөз таластырмастан, бастапқы пікірінен таймайтынын суреттері арқылы көрсетті.

58-1-620x413

P1VYkdUqLB0

xLRLmffJEuk

Кей адамның шамына тиетін суреттер салған әнші желі қолданушыларына “Ақ жейде және костюм-шалбар киген, әдемі, боянып сырға тақпаған, керемет сымбатты жігіттерміз, иә?” деп әзіл аралас сауал тастаған. Мұнымен қатар, суреттерінің астына “О заман да, бұ заман. Қашан еркектер гүлмен суретке түскен? Ақырзаман”, “Қазақтарға тән емес” сынды жазбалар қалдырған.

1-21-620x620

00000

014

Суреттерді көрген желі қолданушылары “Қайтпайсың”, “Керемет” десе, енді бірі бұл қылығының қазақ жігітіне жараспайтындығын айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, Мейрамбек Беспаевтың “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдіргені туралы хабарлағанбыз.

Талқылау