БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Байзақовадан пайда болмады ма: Alem Band тобының жігіттері образдарын түбегейлі өзгертті (видео)

Топ болып құрыла салып, бейнебаяндарына атышулы Айжан Байзакованы түсіріп сынға ұшыраған «Alem Band» жігіттері образдарын өзгертті. Кезекті «Love» атты әндеріне бейнебаян түсіріп, Q-Pop стилінде өнер көрсеткен жігіттер көрермендерді тағы таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған бейнебаянға қатысты пікір білдірген жігіттер өздерінің қатаң сынға ұшырағандарын қалыпты жағдай деп қабылдайтындарын айтып, әркімнің талғамы әр түрлі, сондықтан өнерлерін жоғары бағалайтын тыңдармандарын бар екенін мәлімдеді.

«Біздің топты бастапқыдан бері қазіргі тілмен айтқанда «хайпожорлар» деп атап кетті. Біз бұған қалыпты көзқараспен қараймыз, өйткені әр әншінің, әр топтың өзіндік бағыты, кейпі, стилі болады. Мүмкін біздің топтың стилі сондай шығар. Әр бейнебаянда ерекшеленуге тырысамыз. Болашақта танымал, қазақ сахнасында айқын орын алатын топтардың бірі болғымыз келеді және сол жолға бет алып, тынбай еңбек етудеміз. Сондықтан біздің еңбегімізді жоғары бағалайтын тындармандар бар екенін білеміз», – дейді топ жігіттері.

Ал клиптегі образдарына қатысты пікір білдірген топтың жігіттері өмірде әрдайым қарапайым болып қалатындарын жеткізуде.

«Өнер жолында, бейнебаяндарда кез келген кейіпте болуымыз мүмкін, алайда өмірде әрдайым қарапайым болып қала береміз», – дейді олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр