Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақова: Ұлым екеуміз 10 минутқа да айырылыспаймыз

Атышулы Байзақованың ұлымен түскен кезекті суреті жарияланды. Бұл орайда блогер ұлының қылықтары туралы, қазіргі өмірінің қаншалықты өзгергенін әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

Байзақова: Ұлым екеуміз 10 минутқа да айырылыспаймыз

“Кішкентай болса да аздап қулығы бар, тек мен қасында болғанда ұйықтайды. Екеуміз тіпті 10 минутқа да айырылыспаймыз. Әйтпесе айқай салады, ешкімнің қолына бармайды. Тек қасына жатып, құшақтасам, жылағанын қояды. Мен оның бетіне қарап демалуым керек, сонда бәрі жақсы болады. Бірақ соның кесірінен ұйықтап қалуға қорқамын. Өйткені ұйықтап жатып оны ұрып жіберемін ба деп қорқамын. Сол себепті небәрі 20 минут ұйықтап, қорқынышпен оянамын.

Тіпті, дәретханаға тез барып келуді үйрендім. Қазір үстімдегі киімімді шешіп, қасына қойып қойдым. Әзірге тыныштық. Кішкене боянып, душқа түсуге мүмкіндігім бар. Мен өмір бойы бостандықтың адамы едім, мені ешкім шектей алмайтын. Бірақ кейін ол өмірге келді. Баян Мақсатқызы айтқан адам”, – дейді Байзақова.

Айта кетейік, атышулы бикеш тұңғыш президент күні босанған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау