Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бәйтерек Development” басқармасының бұрынғы төрағасы тұтқындалды

Бұдан бұрын пара алды деген күдікпен “Бәйтерек Development” АҚ бірнеше қызметкері ұсталған болатын.

1036213
© AP Photo / Moises Castillo

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Бәйтерек Development” АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты істің тергелуі барысында аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларының бірі – басқарманың бұрынғы төрағасы Жақсыбаев Б. тұтқындалды. Ол қазір ҚР ұлттық экономика министрлігінің “Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығы” АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарады деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Жақсыбаев Б. қылмыстың барлық қатысушыларының іс-әрекетін басқарып отырған, оларды рөлдерге бөліп, алынатын параны бөліп берген.  Оған қатысты Алматы аудандық №2 сотының санкциясы бойынша 2016 жылы 30 қарашада “қамауға алу” бұлтарпау шарасы қолданылды.

Жіберіп алмаңыз:

Бурабайда төбелескен екі шенеунікке қатысты толық дерек шықты

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бой көтерді (фото, видео)

Мұсылман қызы өз өнерімен АҚШ президентін таңғалдырмақшы

Салмағы 150 келі болатын 11 жасар қытайлық оттың көмегімен арықтауға тырысуда (фото)

Талқылау