Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байлыққа салық: Шариғат тұрғысынан бай деп кімді айтамыз

Байлыққа салық. Бұл жөнінде айтпас бұрын ең әуелі бай адам деген кім? Статистикаға көз жүгіртсек, біздің елдегі азаматтардың қаншасы талапқа сай келеді?

Бұл турады Евразия арнасы хабарлайды.

«Шариғат тұрғысынан бай деп кімді айтамыз? Бай деп өзінің қажеттілігінен артық коммуналды қызмет болсын, жолақы, жеп ішу, нәпақадан бөлек оның 85 грамм алтыны. Немесе сол 85 грамм алтынға тең келетін ақша, ол қазіргі уақытта 1 млн 335 мың тг! Демек өз қажеттілігінен тыс ақшасы болса, ол адамды біз бай деп айтамыз! Ал, енді бұл ақшалай! Мысалы кейбірі ауылда тұрады да олардың 40 қойы болса ол бай! Мысалы 30 қара малы бар адамды бай деп айтамыз! Мысалы 5 түйесі бар адам ол бай! Мысалы 20-30 қойы болса ол бай емес! Сол 40-қа толса байға айналады!» – дейді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.

Шариғат бойынша, бай дегенің өмірлік қажеттіліктерінен бөлек, яки баспана, пәтер, көліктен тыс артық ақшасы бар адамды айтады екенбіз.

Щвейцарияның «Credit Suisse» қаржы ұйымы Қазақстандықтардың әл-ауқатына қатысты зерттеу жүргізіпті. Оның нәтижесіне сай.

Халықтың 97%-ың табысы жылына 10 мың долларға жетпейді екен. Ал дәулеті тасығандардың саны саусақпен санаулы ғана. Елдегі 18 млн адамның 162-і ғана! Олардың әрқайсысының жылдық табысы 50 млн доллардан асады! Тағы 6000 адамның әрқайсысы жылына 1 млн доллар тауып отыр. 97%-ның жылдық табысы 10 мың долларға жетпейді. 18 млн азаматтың 162-і ғана бай. Жылдық табысы 50 млн доллар. 6000 адам жылына 1 млн доллар табады. Сонда 97 пайыз халықтың табысын қосқан күннің өзінде жаңағы 6000 адамның байлығына жетпейді. Осы арада сұрақ туындайды! Орта тап қайда қалды?

«Себебі, бірінші кезекте айтқым келеді, бізде әлі де болса экономикамызда орта таптың өзі жоқ! Бізде қатты бай адамдар бар! Сосын орта тапқа жетпейтін бар! Орта таптың үлесі бізде бір кездері 7 пайыз деп айтылған! Ал, енді көптеген мемлекетте мына Еуропаны қарасаң орта тап үлесі 70-80 пайыз! Сондықтан онда экономика тұрақты! Және жақсы қалыптасқан!» – дейді экономист Мақсат Халық.

Демек, біздің елде орта тап пен әл-ауқаттылардың арасында әжептеуір алшақтық бар! Байларға салынатын салық осы қашықтықты қысқартудың бір тетігі! Әрі мұндай практика әлемнің біраз елдерінде бар!

Бірақ, бәрінде бірдей сәтті жүзеге асуда деп айта алмаймыз! Әсіресе салық салудан Франция алдына жан салмайды! Бұл елде 2012 жылы 75% – бен байлыққа салық салу идеясы көтеріліп, екі жылдан кейін құжат жүзінде бекіді! Алайда, сол -ақ екен кәсіпкер біткен елден қаша бастады! Статистика бойынша 2014 жылы 5 мыңға жуық бай Франциядан үдере көшіп кеткен! Олардың арасында танымал актер Депардьенің барын да бүкіл әлем естіп, білді! Актер, қымбат салық төлеуден бас тартып, Ресей азаматтығын алатындығын айтты!

Мұндай оқиғалар жиілегеннен кейін Француз билігі 2015 жылы аталған заң тетігін қайта алып тастады! Егер дәл осы тетік бізде де енетін болса, Францияның күйін кешпейтінімізге кепілдік жоқ дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев!

«Екінші мәселе мына қымбат заттарға салық салынса оның қандай артықшылығы бар? Ия бюджетке мүмкін ақша көбірек түседі. Бірақ, дәл сонымен бірге біздің азаматтарымыз олар осындай қымбат нәрседен ашық түрде алудан бас тартады, көрсетпей адал істеитін сауда емес, көлеңкелі бизнестен алынады! Яғни біз өзіміздің азаматтарымызды бай азаматтарды заңсыздыққа итермелеп отырмыз! Егер адам адал түрде тапқан ақшасын қолдануға өз елінде кедергі болса жарайды оны басқа бір жерде жұмсайды сонда! Басқа жерде жақсы үй салады. Жақсы машина алады» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашов.

Байлық салығының жемісті болмайтындығына тағы бір фактор ол – жүрмейтін саласы жоқ жемқорлық! Экономистердің айтуынша әл ауқаттылардың арасында жомарттары табылғанымен, халықтың билікке деген сенімі төмен! Осы себепті, тапқан таянғанын қолдарына ұстата қоятындар табыла бермейді!

«Бізде мынандай жағдай бар! Бізде көп халықта мемлекетке деген сенім төмен! Біздің халықта мемлекетке деген сенім төмен! Сондықтан олар былай ойлайды! Мен осыны мемлекетке төлегенше оданша өз қолыммен апарып қайырымдылық жасайын! Өйткені оны мемлекетке бергенімен, мемлекет оны шын мәнісінде жағдайы нашар адамдарға апарып береді дегенге күмәнім бар деп есептейді. Өйткені, бізде бюджет талан-таражға түсіп кететін жағдай бар, нақты жер жебіріне жетпейтін жағдай бар! Осы аралықта жеп қоятын азаматтар бар!» – дейді экономист Мақсат Халық.

Есесіне олар салық жинаудың басқаша тетіктерін ұсынады.

«Қарапайым Қытайда мынадай тәжірибе қолданылады! Қосылған құн салығында екі пайызы тұтынушының өзіне қайтады! Мысалы біз супермаркетке кіріп шыққасын қағаз қараймыз ғой НДС 12 пайыз деп тұрады ия? Сол жасаған саудаңыздың 12 пайызын мемлекетке салық ретінде төлеп жатыр ғой! Соның екі пайызы өзіңізге оралып жатса! Онда бәріміз ертен чек сұрайтын боламыз! Сонда ертең кафеде отырсаңызда, сізге чек керек па жоқ па деп сұрамайды! Біз айтамыз керек чек әкел дейміз! Сосын оны түсіріп тиісті жерге жібереміз! Нәтижесінде халықтың бәрі чек сұрайтын болады. Сосын көлеңкеде жүрген ақшаның бәрі өзі келеді» – дейді экономист Мақсат Халық.

Қысқасы мамандардың айтуынша біздегі нарық, байлыққа салық дегенге әзір, дайын емес! Өйткені, бұл бюджеттің бүйірін қампайтуға емес, керісінше байлардың артық ақшаларын барынша тығып, жасырып бағуына алып келеді.

Көлеңкеден күнгейге. Бұл кез-келген фискалдық, яғни салық саясатының негізгі мәні. Парадкос. Мына қолмен ұстап, көзбен көретін ақша, айналымға шыққанда көрінбей кетеді, ал көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын мына ақшаны керісінше уыста ұстауға болады.
Экономист Арман Байғанин 2 жылдан бері қолма қолсыз ақшадан түбегейлі бас тарту керек деп бастама көтеріп жүр. Айтуынша ол көлеңкелі экономикадан құтылып, жемқорлықты жүгендеп, салықтық түсімдерді арттырып, халықтың да әл ауқатының көтерілуіне бірден бір ықпал ете алады дейді. Әлем тәжірбиесіне қарасақ, ертегі орнап кетпесе де, расымен де соған жетеқабыл. Қолма қол ақшадан, қолма қол емес есеп айырысуға жанталасып көшіп жатқан үздік 5 мемлекеттің мысалын қарайық.

Швеция. Бұл мемлекетте 95 пайыз ақша айналымы қолма қол емес тәртіпте. Шведтер 2006 жылдан бастап электронды саудаға өте бастады. Оған себеп ақшаны басып шығаруға кететін 1 млрд долларды үнемдеу.

Франция. Қолма қол емес ақша айналымы 92 пайыз. Халықтың 70 пайызы банк карталарын қолданады. Ал 1000 еуродан артық қолма қол ақшамен есеп айырысқан жағдайда айыппұл қарастырылған. Ұлыбритания. Бұл елдегі қолма қол емес ақша айналымы 80 пайыз. Тұрғындарының 60 пайызы ұялы телефон арқылы төлем жасайды. Түркия. Анадаолы тұрғындары қолма қол ақшадан ерікті түрде бас тартқан жоқ. Төлем карталарына шектен тыс сұраныс нәтижесінде заң қабылдауға тура келді. Қазір халықтың жартысынан көбі карта арқылы есеп айырысады.

Қытай. Халқының жартысы қолма қолсыз есеп айырысуға тек 2014 жылдан бастап жаппай көшті. Мәселен 2017 жылы Аспан асты елінде 5 жарым трлн долларға пос терминал арқылы сауда жасалыпты. Ал 8 тамыз Қытай күнтүзбесінде қолма қол емес ақша айналымыкүні ретінде белгіленген.

Сонымен, шытырлаған ақша мен, сылдырлаған теңгені ұмытып, қалтамызға банк картасы немесе ұялы телефон арқылы төлеп жүре берсек, расымен де бізге тиімді сияқты. Маманның айтуынша қолма-қол ақша айналымын қамтамасыз ету үшін әрбір мемлекет шамамен алғанда Ішкі жалпы өнімінің бір пайызын жұмсайды екен. Біздің елде ІЖӨ 150 млрд доллардың шамасында болса, теңгені басып шығару, тиындарды құю және инкассация қызметін ұстауға бір жарым млрд доллар шығын кетеді. Салыстырсақ әскери бюджеттің жартысынан көбі. Бұл жалпақ есеп. Бұдан бөлек:

«Қолма қол емес ақша айналымына өтсек қылмыстың біраз түрінен құтылуға болады. Мәселен қоғамдық көлікті алайық. Қалтаңдағы ақша қалта ұрыларының көз құрты. Әмияныңды алып қойса, шаруа бітті дей бер. Ал картаңды алса, ондағы ақшаны шеше алмайды. Есеп шотыңда қаражатың қала береді. Ол жәй мысал. Шындығында мемлекеттің де жүгі жеңілдейді. Себебі жемқорлық азаяды, ұрлық қарлық пен алаяқтық төмендейді. Ал онымен күреске мемлекет миллиардтап ақша жұмсап отыр. Үнемдеуге мүмкіндік ашылады» – дейді экономист Арман Байғанин.

Сонымен Қазақстандағы ахуалға келсек. Бүгінде қолма қолсыз ақша айналымына қаншалықты көшу тенденциясы бар, қарқын да жаман емес. Бірақ ол дамыған 30 елдің қатарына енуге жеткіліксіз. Нақты сандармен еліміздің Ұлттық Банкі бөлісуі керек еді, бірақ олар сұрауымызға жауап бермеді. Десек те, экономистердің айтуынша шамамен халықтың 70 пайызы әлі де қолма қол ақшамен төлейді екен. Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған олай былтыр өз сараптамасын жасапты.

«Нәтижесінде біз өте қызықты экономикалық көрсеткіштерге келдік. Біздің сауда саласында 7 пайыздан аспайды екен қолма қолсыз ақша. Ал егер мысалы дамыған мемлекеттермен салыстырсақ, былай айтқанда Кэшал Экономи дейді, яғни қолма қолсыз экономика. Ол австралия, швеция, ұлыбритания, канадада ақшалы экономика 2-20 пайыздың арасында ғана. Ал бізде 93 пайызға жетіп отыр» – дейді ҚР Атамекен ҰКП Сауда департаментінің сарапшысы Дәурен Әутәліпов.

Қолма-қолсыз ақша айналымында тек Алматы мен Астана қалаларында ғана әзір үлкен ілгерілеушілік бар. 70 пайыз. Оның 60 процентке жуығы Алматының еншісінде. Өңірлер әлі де қағаз және тиын теңгелерді құп көреді. Қолма қолсыз ақша айналымына өтуге құлықты топ бар. Ол шағын кәсіпкерлер. Бұл түйткілдің тараған ең үлкен ортасы сауда және қызмет көрсету бағыты. Мұны олардың өздері де қуаттайды. Оған объективті себептер бар екен.
«3 негізгі фактор бар. Біріншісі бұл екінші деңгейлі банктердің эквайленттік үстемақысының жоғары болуы. 2-3 пайыз деңгейінде. Сондықтан сауда қызмет көрсету саласында жүрген жеке кәсіпкерлер қолма қолсыз ақшаны қолдамайды» – дейді ҚР Атамекен ҰКП Сауда департаментінің сарапшысы Дәурен Әутәліпов.

Екінші фактор ол құрылғылар. Пос терминал деп аталатын есеп айырысу аппаратының құны қазір шамамен 70-100 мың тг шамасында. Бірақ бұған қазір заңнамалық негізде шешім табылған сияқты.

«Патент негізінде жұмыс атқаратын, саудада жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасы банк жүйесі арқылы жұмыс атқаратын болса, бір пайыз ғана салық ұсталынады. Әйтпесе екі пайыз бұлар салық төлеу керек еді. Егер жаңағы без наличка болған жағдайда 1 пайыз ғана болады. Бұл біздің мемлекеттің, кіріс комитетінің жасап жатқан кәсіпкерлердің қызығушылығын оятуға жасалған негізгі бағытымыз осы» – дейді ҚР қаржы министрлігі, Кіріс комитеті бұқарамен байланыс департаментінің жетекшісі Олжас Отар.

«Меніңше бізде қолма-қол емес ақша айналымына өтуге толық құқықтық әзірленді. Бүгін мәжілісте сауда қызметін реттеу заңы қабылданды. Онда шағын және орта бизнес өкілдерінің қолма қол емес есеп айырысуға көшуіне орай жеңілдіктер қарастырылды. Әрине шағын кәсіпкерге үш сатылы касса аппаратын сатып алу қиынға соғады. Сол үшін кәсіпкер кассалық аппаратты сатып алғанда оның құнынан табыс салығы шегеріледі» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева.

Енді үшінші факторға келсек. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша кәсіпкерлердің дені өздерінің сауда айналымын құпияда ұстағысы келеді.
«Қолма қолсыз ақша арқылы жаңағы қондырғылар арқылы сауда айналымын жасасаңыз, оборотыңыз көрсетіліп қалады. Сондықтан көбінесе біздің кәсіпкерлер қолдамайды мұны» – дейді ҚР Атамекен ҰКП Сауда департаментінің сарапшысы Дәурен Әутәліпов.

Астаналық кәсіпкер Рахиля Тасмағамбетованың айтуынша қолма қолсыз есеп айырысу клиенттер үшін ғана жақсы. Себебі қайтарым ақша, немесе ақшаны ұсату, жетпей қалса банкоматтан шешіп әурелену деген сияқты машақаттар жоқ. Карта арқылы немесеұялы телефонға банк қосымшасын жүктеп алу арқылы есеп айырысу біраз нәрсені жеңілдетеді. Өзі де қайтарымға ұсақ ақша іздеп әуреленбейді. Бірақ бәрібір де қолма қол ақшамен есеп айырысқанды құп көреді екен.

«Өзіме ақшалай төлеген жақсы. Адамдардың. Карта бойынша төлеген ол әрине халыққа тиімді. Себебі әртүрлі банктің өзінің пайыздары бар. Айына ұстайтын пайыздары бір айына ол қазақстандағы бір адамның жалақысымен тең деп айтуға болады. Орташа есеппен. Маған ол тиімсіз, мен ол комиссияны банкқа бергеннен мен өзімнің қол астымда жұмыс жасап атқан адамға жалақы етіп берген тиімді» – дейді жеке кәсіпкер Рахил Тасмағамбетова.
Қолма қол ақшаның көп жұмсалатын орын ол базар, шағын дүкендер, шаштараз, асханалар т.б. нысандар болып отыр. Бұдан бөлек қалаларды қоғамдық көлік табысты жасыратын, салықтан жалтаратын үлкен орта еді.

21 шілдеде 2018 жылы сараланған тарифке, дифференциялды тарифке көшіп отырмыз. Оның басты мақсаты осы адамдардың қолма қолсыз ақша төлеудің мүмкіндігіне көшу. Барлығы электронды түрде төлеуге өтудің форматы боп келеді. Қазір біз жүйеден байқап отырмыз, халықтың 95 пайызы жол жүру ақысын қолма қолсыз ақшамен төлейді. Яғни небары 5 пайызы ғана қолма қол төлеп отыр. Бірақ оның да саны қазіргі уақытта азайып келеді» – дейді АСТАНА LRT ЖШС басқарушы директоры Дәурен Нұралиев.

Дәурен Нұралиевтің айтуынша қолма қолсыз есеп айырысу жүйесіне ауысқалы бері түсімдер 30 пайызға артқан. Яғни бұл бұрын осы 30 пайыз көлеңкеде қалып отырды деген сөз.
2020 жылдың 1 қаңтарынанжалпыға ортақ табысты жариялау заңы қабылданады. Қолма қолсыз есеп айырысу сол үлкен реформаның бір парасы. Электронды төлемнің басты мұраты ол жемқорлықты азайту, көрінбей көлеңкеге кетіп қалатын ақшаны көз көрім жерге шығару. Ал азаматтар үшін ол бюджет алдындағы парыз.

«Әрбір қазақстанның азаматы дүкеннен зат алып тұрған кезде мен бақылау кассаға чегін алсам мемлекеттің қазынасына салықтың түсуін қамтамасыз етемін. Мысалы сіз он мыңға сауда жасасаңыз 300 теңгені мемлекеттің қазынасына түсуін қамтамасыз етіп кетесіз» – дейді ҚР қаржы министрлігі, Кіріс комитеті бұқарамен байланыс департаментінің жетекшісі Олжас Отар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау