Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңыр төңірегінен аса қауіпті оба індеті табылды

Байқоңыр қалалық әкімшілігінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы кезектен тыс отырыс өткізіп, аумақта пайда болған обаның алдын алу шаралары бойынша жағдайды талқыға салды.

7bf492a3d7ea0cf22011ffde403c6ecc

Бұл туралы қала әкімшілігінің ресми сайтында хабарланды.

Әкімшілік басшысының бірінші орынбасары Виктор Лопаткиннің айтуынша оба эпизоотиясы “Байқоңыр” кешеннің 17П алаңы ауданында анықталды. “Байқоңыр” кешені бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сергей Огарь және Ресей ФМДБМ №1 ОМСБ ФМБА басшысының міндетін атқарушысы Сергей Романов өз баяндамаларында “Байқоңыр” кешені аумағында анықталған аса қауіпті табиғи-ошақтық оба инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты баяндады.

Осылайша қала билігі аумақта таралып отырған қауіпті ауруға қатысты шаһар тұрғындарын құлақтандыру керек деген шешім қабылдаған. Қазір әкімшілік нұсқауымен арнайы бұрыштама да дайындалып қойды. Онда оба ошағының негізінен Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарында орын тепкені айтылған. Еске сала кетсек, оба – ауыр жұқпалы дерт болып саналады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 12 жастағы бала мерзімінен бұрын мектепті үздік бітіріп шықты

Ақтөбеде “полицейден қорлық көргенін” айтқан тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

Құранды алғаш рет қазақ тіліне аударған ғұламаның кім екенін білесіз бе?

Талқылау