Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбектің болжамы: Алматыда үйлердің бағасы арзандайды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй бағасының қандай болатынын болжады. Бұл туралы қала халқымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Алексей Филиппов

Оның айтуынша, қала билігі төртінші санаттағы (эконом-класс) үйлердің санын көбейтуге жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, үйлердің бағасы да арзандауы мүмкін.

Қалада 900-ге жуық 8500 отбасы тұратын тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлер бар.

«Ескі үйлер бағдарламасы бойынша 1,5 мың пәтерлі 54 жаңа үй пайдалануға берілді. 500-ден астам отбасы қаңқа-қамысты үйден көшіп келді. Осы бағдаарламаны дамыту керек. Оған бөлінген инвестиция көлемі 600 миллиард теңгені құhайды», – деді әкім.

Әкім «Ескі үйлер» бағдарламасын түсіндіріп берді.

«Бір ескі үйде 12 отбасы тұрса, оның 11-і үйді босатуға келісіп тұрса, 1 адам қарсы болады. Мен ол адамдарға айтқым келеді. Бұрынғы баға болмайды. Үйдің құны түсетін болады. Осындай пікірдегі адамдардың кесірінен түгел үйдің сүрілу процесі тоқтап тұрады. Керісінше, әкімдік ескі үй тұрғындарының тезірек үй алуын қамтамасыз ету үшін қағаз жұмыстарын да барынша азайтып, ыңғайлы жағдай жасап отыр», – деді Байбек.

Тағы оқыңыз:

Байбек: Алматыдағы үйлердің аулаларында ақылы тұрақтар болмайды

Жетімсің деп қорқытады: Алматы облысының оқушылары үш жылдан бері мұғалімнен көрген қорлығын жайып салды

Мұз айдынында билеп жатқан мәнерлеп сырғанаушының түймесі ағытылып кетті (видео)

Алматылық теміржолшы ана мен баланы өрттен құтқарып қалды

Талқылау