Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек: Джиппен жүргілерің келсе – кептелісте тұрыңдар

Алматы әкімі қоғамдық көліктердің жолдарын көбейту үшін қала көшелеріне автобустарға арналған 7 жолақты енгізетінін мәлімдеді. Жолдың жалпы аумағы 100 шақырымды құрайды.

image116348

Сурет news.caravan.kz сайтынан алынды

«Арнайы жолақтар Райымбек, Төлеби, Тимирязев, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Сейфуллин және Гоголь  көшелеріне енгізіледі», – деді Байбек.

Сонымен қатар, ол әлемдік тәжірибе бойынша мұндай жолақтарды енгізу қоғамдық көліктердің жүру жылдамдығын 30 пайызға, ал онымен жүруші жолаушылар санын 25 пайызға арттыратынын айтып өтті.

«Абай даңғылына енгізілген жолақтан кейін қоғамдық көлікпен жүрушілер 10 пайызға артқан. Егер сіз үлкен джиптермен жүргіңіз келсе – кептелісте тұрыңыз. Ал, аз ақша төлеп, баратын жеріңізге тез жеткіңіз келсе – автобуспен жүріңіз», – деді қала әкімі.

Талқылау