Байбек Алматыдағы арықтарды жөндеп шығу үшін тағы 100 жыл керек екенін айтты

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 7:22

Алматыны су басып қала беретініне қатысты Үкімет басшысынан екі мәрте ескерту алған қала әкімі кеше арық мәселесін кеңінен қозғады. Мәлімет бойынша, соңғы 6 жылда небәрі 113 шақырым арық жөндеуден өткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

5f43ca5056fb8e5dc68a4589edd21dfa-small

Сурет ztb.kz

Ал оның жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. Тура осындай қарқынмен жұмыс жүргізілген жағдайда ол бір ғасыр уақытты алуы мүмкін. Бұл жерде қаржы тапшылығы да қолбайлау екенін айтқан Бауыржан Байбек қоластындағыларға арық жүйесін реттеуге ақшаны үнемдеп жұмсауды тапсырды.

Бауыржан Байбектің қабылдау бөлмесінің алдында оның орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері жиналды. Әрине, аудан басшылары ерекше қожалжып тұр. Себебі әрбір жауыннан соң су басқан үйлерден түсетін шағым азаяр емес. Бүгінгі жиында арық мәселесі ерекше айтылды. Ал осы салада атқарылып жатқан жұмыс қарқыны тым баяу екен.

“Тура осындай қарқынмен жұмыс жүргізетін болсақ арық жүйесін толық жөндеуден өткізіп, жаңаларын жүргізу үшін 100 жыл да жетпейді. Қазіргі күнге дейін жауын суы ағатын арнайы жүйе жоқ. Бұл жүйенің қайда екенін табудың өзі қиынға соқпақ”, – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Шенеуніктер 3 ай бойы ұзындығы 1200 шақырымды құрайтын арықтардың барлығын тексеріп шыққан. Соңғы 6 жылда оның небәрі 113 шақырымы ғана жөндеуден өтіпті. Ал қалған бөлігінің жағдайы көңіл көншітпейді. Себебі, жаңадан қосылған аймақтарда арық атаулы мүлдем жоқ, ал сауда үйлері бар жүйенің тас-талқанын шығарыпты.

“Жолды жөндеп, барлығын асфальтпен жауып тастайды. Бұл сәулет және құрылыс басқармасының кәнәсі. Олар құрылыстарды қадағалауы керек. Енді жеке кәсіпкерлер өз олқылықтарын өздері жойсын, бюджеттің ақшасы бұған жетпейді”, – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Алматының арық жүйесін қалпына келтіру үшін шамамен 4 млрд теңге қажет екен. Әрине, бюджеттен мұндай қаржыны алу оңай емес. Ал есеп-қисапты тексерместен мақұлдайтын атқамінерлердің әрекеті Байбектің ашуын келтірді.

“Өткен жолы аудан әкімдерін сұрадым, қанша ақша керек екенін өздері білмейді. Сметаның не екенін түсініп отырғаны да шамалы. Бұл деген мемлекеттің ақшасы емес пе”? – деді қала әкімі.

Жауын суларына арналған жүйенің картасын жоспарлауға тағы 3 ай қажет екен. Ал ол уақытқа дейін арықтар қолға алынбақ. Қазіргі таңда олар қоқыстан тазартылып, жер-жерлерде тиісті жұмыстар басталған.

Қала ішіндегі арықтарды жөндеу, қалпына келтіру немесе жаңадан жүргізу арзан дүние емес. Су ағуы тиіс ашық арықтың әрбір метрі кемінде 11 мың теңге тұрады. Бұл тек қана қажетті құрылыс материалдарының бағасы. Ал одан бөлек атқарылатын жұмыс құны бар. Сондықтан бюджет ақшасы жетпеген жағдайда нөсер жауыннан соң су арықпен емес, көшемен ағуы жалғаса бермек. Себебі, арнайы жауын суы құйылатын арналар тек жоспарда ғана бар.

Оқи отырыңыздар:

Венецияға айналған Алматыны Мәсімов жаяу аралап шықпақ

Байбекке сеніңкіремеген Мәсімов арықтардың қалай тазартылғанын өзі бақылап қайтпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар