Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байбек: Алматы тауы бөктерінде орналасқан ғимараттардың жоғарғы екі қабаты бұзылады 

Бүгін Алматыда өткен қала құрылыс кеңесінде әкім Бауыржан Байбек әл-Фараби даңғылынан жоғары, тау бөктерінде орналасқан ғимараттардың жоғарғы қабаттары сүрілетінін мәлімдеді.

10017067

Сурет: ©Анатолий Устиненко

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, ғимараттар экологиялық параметрлерге сай салынып жатса да жоғарғы қабаттар демонтаждалады.

«Energy Green Homе» ғимаратын мемлекет басшысы көрді. Бұл компания нысанды параметрге сай салып жатса да жоғарғы екі қабаты алынады. Құзырлы басқармалар бұл сұрақты орындауға бірден кіріссін. Ертеңнен бастап, жоғарғы қабаттар демонтаждалады», – деді әкім.

Айта кету керек, жиын барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақта нысандарды салудың жаңа регламенті тағайындалды. Жаңа регламентке сәйкес, ғимараттың биіктігі 3 қабаттан аспауы керек. Төменгі қабатты салуға рұқсат беріледі. Бірақ биіктігі 12 метр болуы, кеңдігі 15 метр болуы тиіс.

Сондай-ақ, таулы аймақтар мен тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салынады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Алматыға сапары барысында әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттардың экологиялық ахуалға келтіріп жатқан залалын тілге тиек еткен болатын. Елбасы қалаға таудан соғатын самалдың маңыздылығын ескертті.

Бұған дейін елбасының Алматы тауы маңындағы заңсыз салынған үйлерді бұзуды тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау