Баянауылда таудан құлап кетіп комаға түскен 9 жасар бала есін жиды

Баянауылда таудан құлап кетіп, салдарынан комаға түсіп қалған 9 жасар бала есін жиді. Ол бас-ми жарақатын алған еді.

Баянауылда таудан құлап кетіп комаға түскен 9 жасар бала есін жиды

Бұл туралы pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның сөзінше, қазіргі уақытта бала жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Бала есін жиды. Дәрігерлердің сұрақтарына ыммен жауап береді. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр. Тиісті ем шараларын қабылдауда», – дейді Эльмира Темірғалиева.

Естеріңізге сала кетсек, Баянауылда 9 жасар бала таудан құлап, комаға түскен еді. Туризм жөніндегі инспектор Марина Каримованың айтуынша, бала ата-анасымен қыдырып жүрген. Ол алдыға жүгіріп кетіп, құздан құлап кеткен. Тау биік болмағанымен төменде тас көп болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар