Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Нұрмышева: Ерланға қарағанда, мен бала тәрбиесінде қаталмын

Баян Нұрмышева жүктілігінің қалай өтіп жатқанын айтып берді. Мұнымен қатар, ол өзінің бала тәрбиесіне келгенде барынша қатал екенін сөз етті.

17817890_1851681355056852_5556366093817217024_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

Баян Нұрмышева үшінші перзентінің дүниеге келуін күтіп жүр. Айтуынша, дәрігерлер босану мерзімін жаз айларына белгілеген. Ол мерзімінің жақындап қалғанына қарамастан, үйде жұмыссыз отыра алмайтынын айтып жатыр. Жуырда жеке үнтаспасы шығады екен.

«Мен үйде жұмыссыз отыра алмайтын сияқтымын. Шын мәнінде, бәрінен үй шаруасындағы әйелдердің жұмысы қиын. Әрине, үйде отыратын кездерім де болады. Бірақ өзімнің мамандығымды жақсы көргендіктен, шығармашылықта жүрген ұнайды», – дейді Баян Нұрмышева.

Мұнымен қатар, әнші бала тәрбиесіне келгенде өзінің барынша қатал екенін айтты. Ал жолдасы Ерлан Орынбасаров керісінше ұлдарын еркелеткенді жақсы көреді екен. «Ерланға қарағанда, бала тәрбиесіне мен қаталдаумын. Әкесі балаларын қатты еркелетеді. Екеуі өте жақсы түсініседі. Балаларға тыйым салып, тоқтауларды жиі айтып отырамын. Ал әкесі бәріне рұқсат береді», – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Ерлан Орынбасаров: Халық “Баян тірі, үлкен гитара тауып алды” деп жүр

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)

Талқылау