Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы жалаңаштанған Шырынның әрекетін жақтап шықты

Желіні шулатып, жалаңаш кеудесіне қазақтың ұлттық бұйымдарын таққан қыз ендігі киелі саукелені киіп елімізді ұлы мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтаған еді. Қыздың бұл әрекеті көпшіліктің ашуына тиген-ді. Алайда танымал продюсер Баян Мақсатқызы қызға жақтасып, оның әрекетінен ешқандай ұятты дүние көріп тұрмағанын жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баян Мақсатқызы жалаңаштанған Шырынның әрекетін жақтап шықты

Кеше ғана қызы Айсауленің сырға салу рәсімін өткізген продюсер ендігі инста-парақшасында қоғамдық тақырып талқы қылды.

Продюсер өз кезегінде қызды алғаш көргенінде оның жалаңаш төсіне емес, әдемілігіне көзі түскенін жасырмады.

«Хейтерлер шабуылдаған Интернетте тарап кеткен сұлу қыздың суретіне көзім түсті. Мен не көрдім? Алдымен камераға сондай сезімталдықпен қараған сұлу қызды көрдім, кейін барып жалаңаштанған, әрі әдемі төсін көрдім. Ол туралы не ойлаймын? Ол бұл суретті әтейі қойған сынды, адамдар өзін кінәласын дегендей, мен қателесуім мүмкін. Шыны керек, мен тек ғана әйелді көріп тұрмын»,  – деп жазды ол өзінің парақшасында.

Сонымен қатар, Баян Мақсатқызы денелерін жалаңаштаған қыздардан гөрі, өзінің туғандарына жанашырлық танытпаған қатыгездерден қорқатынын мәлімдеді.

«Менің наразылығымды орамал тағып ер адамдардың жыныстық мүшелерін кесетін әйелдер, қыздарды арандататын дене шынықтыру пәнінен беретін мұғалімдер, туған сәбилерін тастайтын қыздар немесе ата-анасын қарттар үйіне беретін балалар, әрі әйелдерін ұрып-соғатын мыңдаған ер азаматтар келтіреді. Алайда бізде олар туралы айтпауды жөн санайды, біз екітүрлі қоғамда өмір сүреміз. Кеудесін жапқан әдемі қызға тас ата аламыз, өйткені ол жауап қайтара алмайды. Ол тек көзге ашық көрінген нәрсенің бәрінің ұятты емес екенін айтқысы келеді. Бұл тек ғана менің пікірім, көпшілікпен сөз таластырмаймын», – дейді.

Сөз соңында продюсер әркімге өз бетімен болуға мүмкіндік беру керек деген ойын білдірді.

«Ұят, осы «Ұятқа» ескерткіш орнату керек, қандай кейіпте болатыны қызық. Бұл сөзді қанша айтуға болады?! Оданда әркімге өз бетімен болуға мүмкіндік берген дұрыс деп ойлаймын», – деп аятаған сөзін.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау