Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы өзін жапырақ пен қағаз кемеге теңеді

Баян Есентаева жуырда шыққалы отырған кітабы туралы сөз қозғады. Әзірге оның тақырыбын ойластырмаған екен. Десе де, аталған кітапта ешкімге ақыл айтпайтынын сөз етті. Мұнымен қатар, өзін көре алмайтын адамдардың көп екенін айтып қалды.

maxresdefault

Бұл туралы 365info арнасына берген сұхбатында айтты.

– Баян, кітабыңыз не туралы? Оған тақырып қойып үлгердіңіз бе? Мұқабасына аты-жөніңізді қалай жаздырасыз?

– Мен бұл кітабымда ешкімге ақыл айтпаймын. Себебі, біреуге барып қалай өмір сүру керектігін үйреткім келмейді. Ол жай ғана мен туралы жазылған туынды. Әзірге атын ойластырып үлгерген жоқпын. Қай фамилиямды жазарымды да білмеймін. Авторы Баян Мақсатқызы деп жазылатын шығар. Өмірімнің дейін, кейін болып екіге бөлініп кеткені де рас. Әлі күнге дейін өзімнің кім екенімді білмей жүрмін.

– Бір сөзбен айтқанда өзіңді қалай сипаттар едің?

– Шыны керек, өзімді сипаттауға қиналамын. Себебі, өмірімде көптеген жағымсыз оқиғалармен бетпе-бет кездестім. Әлі де толықтай жинақталып, ретке келген жоқпын. Оның үстіне қайғылы оқиғадан кейін айтарлықтай көп уақыт өтпеді. Әзірге өзімді жапырақтай немесе қағаз кемедей сезінемін. Ағыспен жүзіп келемін. Бір жағынан мені өлтірсе, екінші жағынан ерекше күш-қуат беріп жатыр. Алда қандай таңдау жасайтынымды да білмеймін. Мықты болуым керек пе? Әлде бәріне мойынұсынып, «Иә, мен жаманмын» деп қолымды сілтейін бе?

– Сіз өз салаңыздың жұлдызысыз. Бұл – шындық. Табыс пен көреалмаушылықтың қатар жүретіні рас па?

– Әрине, мұнсыз болмайды. Мен көреалмаушылықпен көп жылдан бері өмір сүріп келемін. Бұл қасиет күлкімді келтіреді. Бірақ көп жетістікке жетуімнің себепшісі осы қасиет болар. Мені не үшін қызғанатындарын түсінбеймін. Кей адам осының барлығына ұзын кірпіктерінің, сұлулығының арқасында жетті деп ойлайды. Адам осылайша өзінің табысты еместігін шексіз ақтай береді. Ал мен өзгенің жетістіктерін оңай мойындаймын. «Сен жарадың! Мен де осылай жасағым келеді» деп айтамын. Өзгелердің жобалары мен бейнебаяндарын тамашаламаймын. Тек теледидар арқылы кездейсоқ көріп қалуым мүмкін. Шынымды айтайын, маған қызық емес. Мені көп адам қызғанады деп ойлаймын.

– Сіздің саясатқа араласуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл туралы не ойлайсыз?

– Өте жақсы сұрақ қойдыңыз. Жасымның 43-ке келгенін білемін. Кепка мен көзілдірік киіп жүретін алаңға үйреніп қалғаным да рас. Әрине, бұл ұзаққа созылмайды. Мен үнемі қызығушылық танытып, өзімді дамытып отырамын. Осы күнге дейін әртүрлі жобалар жасадым. Бір жыл бұрын әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғайтын ұйым туралы айтқаным рас. Бұл жобаны әлі қолға алмадым. Себебі, әлі де аяғымнан нық тұрып үлгермедім. Оның үстіне өткен жыл шығармашылық үшін табысты болмады. Аз-маз дүниелер ғана жасалды. Қатты қиналғаным да рас. Бұл қоғамдық ұйымды толықтай дайын болған кезде ашқым келеді. Уақытым мен сөзімді босқа шығындамау үшін осылай жасамақпын.


Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Есентаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорыққандықтан ажыраспай келдім

“Қазақ аруы-2012” арманындағы үйін салғанын айтып сүйінші сұрады

Бурак Өзчивит “Өшпес махаббат” телехикаясының 8 бөлімі қалғанын айтты

Талқылау