Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Көп бала тумағаныма өкінемін

Баян Мақсатқызы болашақта бала асырап алуы мүмкін екенін айтты. Танымал продюсер дүниеге көп бала әкелмегеніне өкініп жүр.

баян максаткызы бала асырап алу

Бұл туралы Баян Мақсатқызы Бейбіт Әлібековке айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бұл өмірде өмірге көп бала алып келмегеніме өкінемін. Оған физикалық тұрғыдан мүмкіндігім болды. Мәселен, қазір менің 2 емес, 4 қызым болғанда, мен бұдан да бақытты болар ма едім?! Өйткені екі қыздың анасы болудың өзі – үлкен бақыт. Алайда екі емес, бес балам болса, қазір махаббатқа «шомылып» жатар едім ғой. Ал менде небәрі екі бала бар.

Үлкен қызым үнемі шетелге кетіп қалады. Оған жете алмаймын. Ал мен оны құшақтап, сүйгім келеді, жай ғана әңгімелескім келеді. Кіші қызым болса өсіп қалды. Сонда біреуі басқа жақта, тек біреуі ғана жанымда. Қасымда тағы екі баламның болғанын қалар едім”, – деді Баян ағынан жарылып.

Мақсатқызы бала асырап алу жайында ойланып жүргенін де жасырмады.

«Егер тағдыр маңдайыма жазса, соған алып келсе, бала асырап алатын шығармын. Бірақ әзірге ол жайында көп ойланбадым», – дейді екі қыздың анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)

Әйгілі BBC арнасы Димаш туралы хабар жасауға ниет танытты

Мәдина Балғабаева: Баханың Баянға деген шексіз махаббатының куәсі болдым

Жарнама беруші болып хабарласып, әншілердің Инстаграмнан қалай табыс табатынын анықтадық

Талқылау