Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы кітаптан түскен қаражатқа әйелдер мен балаларды қорғау қауымдастығын ашпақ

Баян Есентаева кітап сатылымынан мейлінше көп қаражат жинаудан үмітті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170705173155

Бүгін Алматыда танымал продюсердің «Баян. Өзім жайлы ғана емес» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Продюсер кітабын жарыққа шығарғаннан кейін бір жыл еш жерге сұхбат бермейтінін айтқан еді. Сондықтан да журналистер бүгінгі баспасөз коференциясында оған бар сұрақтарын қойып үлгеруге тырысты.

Кездесу барысында Баян Мақсатқызы кітаптап бөлек, әйелдер құқығын қорғау қауымдастығын құру туралы айтты. Ол кітаптан түскен қаражаттың басым бөлігін аталған жобаға жұмсайтынын мәлімдеді.

«Барлығы кітабымның сатылғанына байланысты болады. Мейлінше көп ақша жинаудан үміттімін. Себебі мен ол ақшаға әйелдерді қорғау қауымдастығын құрмақпын. Бұл жоба тек тұрмыстық зорлық-зомбылықты ғана емес, балаларды қорғауға да бағытталады. Ана бақытсыз болса, бала да бақытсыз. Егер орталығым биыл ашылса, «демалысты» кейінге қалдыруға тура келеді. Немесе тек ресми мәлімдемелер жасап отырамын», – деді Баян.

Танымал продюсер жеке өміріне қатысты сұрақтардан қашуға тырысқанымен, ақырында отбасы жайында ағынан жарылып айтты.

«Екі қызым да ересек. Кітап жазу барысында «не болады» немесе «не болмайды» деп ешкімнен рұқсат сұраған жоқпын. Бірақ кейбір ережелерді ұстанғаным рас. Кіші қызым кітапты оқу барысында жылап алғанын айтты. Ал үлкен қызыммен бұл туралы әлі сөйлеспедім. Бірақ ол пікір дайындап қойғанын айтты. Кітап туралы ойын бүгін білеміз деп үміттенемін», – деді Баян Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Бақуатты жан әнші Луинаның караоке-барын бір түнге жалдап, 6 миллион тастап кетті

Атышулы “Ninety one” тобының әншісі домбырамен терме айтып, жұртты таңғалдырды (видео)

Баян Мақсатқызы: Көп бала тумағаныма өкінемін

Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)

Талқылау