Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы кітабын аудио-нұсқада таратпақшы (видео)

“Баян. Өзім жайлы ғана емес”! Атышулы продюсер Баян Мақсатқызының алғашқы кітабының осылай аталатынын білесіздер. Продюсердің автобиографиялық бұл туындысы жаз айында оқырман назарына ұсынылған болатын. Алайда ғұмырнамалық баянын 20 мың данамен таратқан Баян Алагөзова мұнымен тоқтап қалмақ емес, деп жазады Stan.kz. 

Мақсатқызы өңір-өңірді аралап, кітабының жарнамасын жақсылап жасаған-ды. Алайда соған қарамастан 20 мың данамен шыққан кітаптың дүкен сөрелерінде әлі тұрғанын айта кетейік. Бірақ биіктен көрініп үйренген продюсер ол үшін мойымайды. Енді оның ғұмырнамасын оқырмандар аудио нұсқада тыңдай алады.

Қазіргі таңда Мақсатқызы кітабын дыбыстау үстінде. Бірнеше сағат бұрын продюсер дыбыс жазу студиясынан сәлем жолдап, жағымды жаңалығымен бөлісті.

“Аудио-кітап әзірлеу оңай емес екен, отызыншы бетке келгенде тілім күрмеліп қалды. Жақында”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп шулап қоя берген

Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты

Баян Мақсатқызы Ақботаның “Гламур для дур” фильміндегі қаламақысын бермей қойған

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Талқылау