Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Қайрат үшін жылайтын қыздарды түсінемін

Баян Мақсатқызы қазақстандық танымалдардың ішінде кімнің өмірбаянын оқығысы келетінін айтты. Мұнымен қатар, әнші Қайрат Нұртастың талантына тәнті екенін жасырмады. Тіпті, оны құлай сүйетін қыздарды түсінетінін жеткізді.

16230932_1858795031065699_8896552247131897856_n

Сурет: Қайрат Нұртастың жеке парақшасынан, Vlast.kz

Бұл туралы продюсер кітабының таныстырылымында айтты.

“Мен ешкімді ренжітіп алғым келмейді. Себебі, танымал адамдардың барлығымен дерлік доспын, араласамын. Бізде жарық жұлдыздар өте көп. Бірінші кезекте Бибігүл Төлегенованың өмірбаянын оқығым келетін еді. Ол бүгінге дейін ән айтып, тыңдармандарын жоғалтқан емес. Меніңше, Қайрат пен Төреғали әзірге жас. Арада 10 жыл өткен соң жазып жатса, міндетті түрде барып кітаптарын сатып алатын едім. Олар өте талантты.

Продюсер болып жүріп халықты алдау мүмкін еместігін түсіндім. Адамдар сүйікті жұлдызын өздері таңдайды. Ал жұлдыздың ішінде өзіне деген ерекше бір сенімділік болуы тиіс. Қайрат Нұртас – дәл осындай артистердің бірі. Мен алғашқылардың бірі болып жұртты Қайрат Нұртасты мойындауға шақырған болатынмын. Оның ешкімге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы бар. Ол сахнаға шыққан кезде, қыздардың не себепті жылайтынын білемін. Бірақ, бұл туралы әзірге айтқым келмейді”, – дейді Баян Мақсатқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова соңғы бейнебаяны үшін қатты ұялып жүргенін айтты

Әйгерім Қалаубаева қызының бейнебаяндағы рөлді сәтті орындағанын айтып мақтанды

Досы: Димаштың өз ісіне көңілі толған кез болмаған

Ерке Есмаханға астаналық жігіті отбасын құруға ұсыныс білдірген

Талқылау