Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның күйеуі 2 айға қамалды

Бақытбек Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлімі бойынша 99-баптың 1-бөлімі («Адам өлтіруге оқталу») бойынша айыптар тағылып отыр. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасынан хабарлады.

image-49

Қазір Талғар аудандық ІІБ сот алдындағы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 10 маусым күні Талғар ауданының Құлжа күре жолында танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева күйеуімен кикілжіңнен кейін жабық бас-ми жарақаты және миы шайқалып, ішінен пышақталып аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған бірнеше ота жасалды, қазіргі кезде продюсер жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады.


Жіберіп алмаңыз:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Талқылау