Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның қызы зауытта жұмыс істеп көрді

Продюсердің қызы өзі жақсы көретін сусынның қалай жасалатынын өз көзімен көріп қайтты.

13671709_300108140344589_2131647158_n

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желіде жиі жарнама жасайтын жұлдыздардың қатарында Айсәуле Бақытбек те бар. Өнер адамы болмаса да, бойжеткеннің желідегі достары көп. Осыған орай, жарнама туралы ұсыныстың да көп түсері анық. Бұл жолы ол отандық өнімдерді қалай қолдайтынын көрсетті. Әдеттегідей құрғақ жазбасымен емес, зауытқа барып бір күн бойы жұмыс істеп көрді. Айтуынша, бұл өнімге бала күнінен қызығып жүрген екен.

“Бұл шайды мектеп қабырғасында жүргенде жиі ішетінмін. Салқын шай шөліңді қандырады. Осы күнге дейін “Қазақстандағы бірінші шайдың қалай жасалатыны туралы ойланып көрмеппін. Алайда бүгін көптің талғамына сай келген сусының жаңа қырын ашып, зауытты араладым. Пластикалық бөтелкелер мен қақпақтардың қалай жасалатынын, зертханадағы жұмыстардың қалай жүзеге асатынын өз көзіммен көрдім.

Тазалық ережелері сақталу үшін, бөтелкелердің қақпағын арнайы машиналар ғана бұрайды екен. Сондықтан оларды қолыммен ұстап көре алмадым. Мұншалықты қиын жұмыс екенін кім біліпті?! Біз дүкеннен барып сатып алатын сусынға бола көптеген адамның күн-түн демей жұмыс істейтінін білмеген екенмін. Турист секілді барлығын суретке түсіріп, таспалаумен болдым. Бұйырса, алдағы уақытта міндетті түрде өздеріңізбен бөлісетін боламын”, – дейді Айсәуле Бақытбек.

Желі қолданушылары бойжеткеннің қарапайым екенін айтып, сәттілік тілеп жатты. “Жарайсың! Өте қарапайым, еңбекқор жансың. Сенің әрбір жазған сөздеріңді сүйсіне оқыдым”, “Айсәуле, сізге ризамын. Отандық өнімдерді қолдап жатқаныңыз үшін мың алғыс. Жуырда Атырауда болған едім, ол жерден Қазақстанның өнімдерін таба алмадым”, “Құрамына қандай қоспалар кіретінін айтып жіберіңізші” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек: Әке-шешемнің ұрысын ешуақытта естіген емеспін

Есентаеваның шетелдегі қызы жастарды армандай білуге, оның орындалуы үшін күресуге шақырды

Баянды өлтіруге бекінген күйеуінен қызы арашалап қалған

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Талқылау