Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваның күйеуін казинодағы жанжал үшін кінәлауда (видео)

(Әлеуметтік желіде Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың казинода төбелесі жарияланды деп шуласты. Видеода азамат 40 мың долларға Карлтон казиносынан ұтылып қалып, диллер мен күзетшіні ұрған.

1438890945-esentaeva-6

Сурет look.tm сайтынан алынды

Видеодан оның ашу үстінде казино қызметкерлеріне күш көрсетіп, бәріне қарсылық танытып, шу көтергенін байқауға болады. Алайда, оның нақты кім екені белгісіз.

Ал, продюсер Баян Есентаева БАҚ өкілдеріне бұл видеодағы азаматтың оның күйеуі еместігін айтқан.

Кейбір ғаламтор қолданушылары бұл көріністі сайлау науқаны алдындағы ақпараттық соққы ретінде таратқан сыңайлы. Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева “Нұр Отан” партиясының мүшесі.

Талқылау