Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз әйел Есентаеваның телефонына жауап беріп, өзін дін аман, Германиядамын деген

Бұл оқиға бүгін күндіз болған. Қала тұрғындары ер мен әйелдің ұрысқанын куә болған. Тіпті ер адам әйелді соққының астына алып, бірнеше жерден пышақтаған.

Баян.jpgдляяя

Кейінен әйелдің Баян Есентаева екені анықталды. Оны соққыға жыққан күйеуі – Бақытбек Есентаев болып шықты.

Болжам бойынша, күйеуі Баян Есентаеваны кеудесінен пышақтаған. Оқиға орнына жедел-жәрдем қызметі келіп, қансыраған продюсерге көмек көрсеткен.

Медицина сараптамасына сәйкес, Есентаева бас-ми жарақатын алған. Онымен қоса көп қан жоғалтқаны анықталды. Тіпті, мұрны да сынған екен.

Жанармай бекетінде ұсталған Есентаеваның күйеуі полиция бөліміне жеткізілгені айтылды. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп Время газеті хабарлаған болатын.

 

 

Ал, продюсердің өзі бұл оқиғаны жоққа шығарды. Қазіргі уақытта продюсер отбасымен Германияда демалып жатыр екен.

“Сіздің сөздеріңізге қатты таң қалдым. Менде бәрі жақсы. Германиядағы check-up(профилактикалық медициналық тексеру)-қа келдім. Күйеуім жанымда”, – дейді Есентаева телефон арқылы берген сұхбатында, – деп хабарлады total.kz.

Талқылау