Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваға сүйіктісі макарон әзірлеп берді (видео)

Продюсер болашақ жары Тұрсын Алагөзовтың қалай тамақ жасайтынын көрсетті.

12эх

Баян Есентаева соңғы кезде инстаграм парақшасында сүйіктісінің суреттері мен видеоларын бөлісіп жүр. Бұл жолы ол болашақ жарының қалай тамақ әзірлейтінін көрсетті. Продюсер Тұрсын Алагөзовтың тамақ жасай алатынына өзі де таңқалып қалып тұрған сияқты.

“Қазақ жігіттерінің асханада тамақ жасауы – сирек құбылыс. Алайда бұл сөздердің Тұрсынға еш қатысы жоқ сияқты”, – дейді Баян Мақсатқызы. Ал видеоның тұсына “Сарымсақ пен көк шөп қосылған макарон. Дәмді болады деген ойдамын” деп жазған.

Аталған видеоға пікір жазылмаған. Пікір жазуды продюсер әдейі шектеп қойған сияқты. Есесіне видеоны бір тәулік ішінде 379 мың адам көріп үлгерген.


Жіберіп алмаңыз:

“Қазақстанға түкіргенім бар” деген ресейлік әнші халықтан кешірім сұрады

Баян Есентаева: Тағдырдың алдын ала жазылып қоятынына көзім жетті

Баян Есентаевамен селфи жасаған қазақстандық келіншек жылап жіберді

«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда

Талқылау