Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева үйін көрсетіп, интерьерінің ерекше дизайнін өзі құрастырғанын айтты. Мұнымен қатар, жатын бөлмесіндегі төсегін қымбатқа сатып алғанын тілге тиек етті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер 2007 жылдың 6 маусымында жаңа үй тұрғызуды қолға алған. Құрылыс жұмыстары 8 айға жалғасып, қоныс тойын ақпанның 10-ы күні тойлаған.

Үй қонақ бөлме, бірнеше жатын бөлме және асүйден құралған. Анасы тамақ әзірлегенді жақсы көретіндіктен, асүйді барынша үлкен етіп жасаған. Өзі тамақ жасағанды мүлдем дерлік ұнатпайды екен.

Қыздарының бөлмелері түрлі-түсті жиһаз бен ойыншыққа толы. Десе де, продюсер өз бөлмесін түрлендіруді жөн көрмеген.

“Өмірім түрлі көңілді сәттерге толы болғандықтан, жатын бөлмемнің жанға жайлы болғанын қаладым. Ол жерде жүйкеме тимейтін жарық болса ғана жеткілікті. Төсегім қалағанымды жасайтындай үлкен. Оны Венециядағы көрмеден қымбатқа алдырдым. Ең бастысы, көп ақша бергенім үшін өкінбедім”, – дейді продюсер.

Бұл үйді көргендер таң қалып, түрлі пікір білдірген. Бірі креативтің жоқ екенін айтса, екіншілері жанға жайлы екенін тілге тиек еткен.

Жоғарыдағы видеоның авторлары оның 2007-2008 жж түсірілгенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева “Гламур для дур” комедиялық фильміне түспек

Баян Есентаева YouTube видеолар желісінде өзінің жеке блогын жүргізбек

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Талқылау