Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева желідегі оқырмандарынан кітабына қатысты көмек сұрады

Баян Есентаеваның ел көптен күткен кітабы жақын арада жарыққа шығады. Оның қаламгер ретіндегі тырнақалды туындысы продюсердің өмірі жайлы әңгімелейді.

photo_201417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Мақсатқызы кітабын мамыр айында халыққа ұсынатынын айтқан еді.

Иә, тұсаукесерге де аз қалды. Барлығы дайын, тек кітаптың атауы жоқ. Дәл осы себепті Баян Есентаева желідегі оқырмандарынан көмек сұрады.

“Достар, жақында кітабым жарық көреді, бірақ бір мәселе бар, оны қалай атарымды білмеймін. Нұсқаларыңызды ұсынсаңыздар. Маған ұнаған атау авторын міндетті түрде тұсаукесерге шақырып, жеке қолтаңбамды беремін және парақшама оның суретін саламын”, – деп уәде етті танымал продюсер.

баян кітап комек

Желідегілер продюсердің өтінішін аяқсыз қалдырмады. Небәрі бірнеше минуттың ішінде Баян Мақсатқызына 1500 адамнан ұсыныс түсті.

Олардың арасында “Өмірімнің екі жағы”, “Менің жолым”, “Мен жай ғана адаммын”, “Мені махаббат басқарады”, “Бақытқа апарар жол”, “Жанымның айнасы” сынды атаулар бар.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Ақан Сатаевпен кездесіп, киносына жоғары баға берді (видео)

Оралда ұйымдастырушылар Төреғалидің афишасын қоқыс жәшігіне іліп кеткен

Мөлдір Әуелбекова жақын адамынан зәбір көргенін айтты

Елбасының Димашты қабылдап батасын берген видеосы жарияланды (видео)

 

Талқылау