Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева эксклюзивті сұхбатының анонсын жариялап, елді қызықтырды

Үш айдан бері продюсер Баян Есентаеваның басынан өткен ауыр жайт ел аузында. Халық продюсердің денсаулық жағдайына қызығушылық танытып, үнемі сүйікті продюсерлерінен сурет жариялауды не ел алдына шығуды сұраумен келеді.

13381282_278578009159359_1797393652_n

Күйеуі пышақтап, соққыға жыққан Есентаева өлім аузынан аман қалғаннан кейін ешкімге сұхбат берген жоқ. Тіпті, алғашқыда жүзін көрсетуден бас тартқан Есентаева теріс қарап тұрған суреттер топтамасын жариялаған еді. Соңғы уақытта 10 маусымда болған шулы оқиғаның егжей-тегжейлі мәліметтері БАҚ-та таралып кетті. Жеке өмірін тыныш қалдырмаған адамдардан әбден мезі болған Есентаева бір күні бар шындықты өзі айтып беретінін айтып, ал әзірге жеке өміріне қатысты ақпараттарды жариялай бермеуді өтінген еді.

Шындықтың беті ашылар күн де алыс емес секілді.

Есентаева әріптес-құрбысы Динара Сатжанға эксклюзивті сұхбат берген. Продюсер желідегі парақшасында сұхбаттың анонсын жариялап, елді қызықтыра түсті. Алайда бейненің қашан және қай арнадан көрсетілетіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаевтің ісіне белгілі продюсерді зорлады деген айып қосылған. Ал, Баян Есентаеваны соққыға жығу ісі сотта жабық режимде қаралатын болды.

Жіберіп алмаңыз:

Адвокат Баян Есентаеваны күйеуінің неліктен аяусыз пышақтап тастағанын айтты

Баян Есентаева: Өзіме келдім, жақында қайта қауышамыз (видео)

Алматыға оралған Баян Есентаева қала шенеуніктерін сынады (видео)

Айсәуле Бақытбек анасының БАҚ-қа айтқан өтінішіне қосылды

 

Талқылау