Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева соттан бұрыңғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді

Еліміздегі ең танымал продюсер Баян Есентаева жоғарғы сотқа арыз жазып, бұрыңғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қарауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

баян Есентаева

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына сотталушы Бақытбек Есентаевтың қорғаушысынан және зардап шегуші Баян Есентаевадан кассациялық режимде сот актілерін қайта қарау туралы өтініш хат келіп түсті. Өтінішті алдын ала қарау мерзімі қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін анықталады», – деп хабарлады жоғарғы сот.

Есте болса, Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданының трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. Ал Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң режімдегі тәртіпті түзеу колониясына жіберілген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Қыздармен жұмыс істеуден шаршадым

Итальяндық әнші Әдеміге үйлену туралы ұсыныс жасады

Димаш Құдайберген танымал көлік брэндінің жарнамасына түсті (фото)

Мақпал Жүнісова ауласындағы қарды неге өзі күрегенін түсіндірді

Талқылау