Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева рэпер Асыл Мұраның ұсынысын қабылдады

Баян Есентаева мен рэпер Асыл Мұра бірігіп жұмыс істейтін болды. Бірақ осы уақытқа дейін продюсер бұл жанрды түсінбейтінін айтып, бас тартқан болатын.

novyy-kollazh-4

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын рэпер Асыл Мұра Баян Есентаевамен бірге жұмыс істегісі келетінін айтып жұртты шулатқан болатын. Тіпті, продюсерге арнап екі мәрте бейнебаян түсірген-ді. Есентаева одан бас тартса да, артынша KeshYou концертіне шақырды. Бұдан кейін қайғылы оқиғаға байланысты араларында байланыс үзілді. Десе де рэпердің өзі ары қарай бірге жұмыс істеуге шешім қабылдағандарын айтып жатыр.

“Қадалған жерінен қан алатын жігіттердің қатарына жатамыз. Әзірге бірге жұмыс істейтін секілдіміз. Оң қабақ танытып, келісімін берді”, – дейді Асыл Мұра Ревю бағдарламасына берген сұхбатында.


Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері Кентал мен Санданың жаңа бейнебаянын әжуалады (видео)

Рэпер жігіт Баян Есентаеваға тағы да өтініш білдірді (видео)

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Талқылау