Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева Ринат Зайытовтың сынына ұшыраған топты қорғады

Танымал продюсер Баян Есентаева өзінің Instagram парақшасында «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделханның бастамасымен құрылған «Ninety One» тобының өнерін сыйлап жігіттерді  қолдайтынын жазды.

«Бәсекелестерді сыйлау керек, әсіресе олар соған лайықты болса. Бәсекелесіңді сыйла, оның жетістіктерін мойында, және әрі қарай өркендей түс!!! Олар сондай жас, сымбатты және дарынды!!! Олар өзгеше, сонысымен тартымды!», – дейді Есентаева.

Кеше ғана Ринат Зайытов журналистерге  берген сұхбатында “Орда” тобының әншісі Ерболат Беделхан құрған топты сынның астына алған еді.

«Оларды теледидардан көрсетіп отырған адам да — қылмыскер, оларды шығарып отырған адам да — қылмыскер, оларға ән жазып отырғандар да — қылмыскер. Олардың өздері де үлкен қылмыскерлер!» — деген еді айтыскер.

Талқылау