Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева өзін сынаған Арман Сқабылұлына жауап берді

Баян Есентаева өзіне сын таққан журналист Арман Сқабылұлына жауап берді. Есентаева өзінің есімін пайдалану арқылы журналисттің танымалдылықты көздеп отырғанын айтты.

баян максаткызы 20042017

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсердің пікірінше, біздің елімізде ер адамдар өздерін толыққанды емес адам сезінгендіктен осал әйелдерге тиіседі екен.

“Қазақтың ер азаматына опасыздық жасау мүмкін емес, ол қылмыс. Ерлерімізді сабасына түсіру үшін өлім жазасын енгізуді ұсынамын. Ерлеріміз әрі қарай да: «Біз әлемдегі ең мықты еркектерміз, біздің әйелдеріміз ең бақытты жандар, оларға қамсыз өмір сыйладық, біз ерекше болғандықтан, әйелдерімізді құрметтейміз», – деген ұранмен кеуделерін соқсын. Француздарда «әйелің көзіңе шөп салса, оған кінәлі өзің» деген мақал бар. Бірақ олар француздар ғой, ал біздікілерге ешқандай жағдайда опасыздық жасауға болмайды, себебі олар ерекше.

Құрметті, Арман аға! Қателеспесем, бұл сіздің маған жазған алғашқы хатыңыз емес, бұрын сізге шығармышылығым ұнамайтын, ал енді жеке өмірім.

Меніңше, сіз ел мойындамаған кемеңгерсіз, халық сіздің талантыңызды қабылдай алмай жатыр, бәлкім талант сізде жоқ та шығар? Сол себепті менің есімімді пайдалана отырып ел назарын аударуға мәжбүр шығарсыз. Елімізде мұндай осал әрі өз-өздеріне сенімсіз қанша еркек бар? Менмендіктеріңіз ақылдарыңыздан биік тұрғандықтан, сіздер әйелден қиянат көруге қорқасыздар, өкінішке қарай”, – дейді Баян Мақсатқызы.

есентаева ответ 2004

Еске сала кетейік, Баян Есентаева отандық басылымдардың біріне сұхбат беріп, жеке өмірі жайында ашық айтқан еді. Ол бұрынғы күйеуінің көзіне шөп салғанын тағы да бір рет мойындап, Тұрсынғали Алагөзовке ғашық болып қалғанын мәлімдеді. Бұдан өзге, өткен іске өкінбейтінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, шоу-бизнес әлемінде тоқалдардың көп екенін, оларды жеке танитынын жасырмады. Оның айтуынша, біреуге тоқал болып, кейіннен оған тұрмысқа шығу қазір қалыпты нәрсе.

Ал журналист Арман Сқабылұлы күйеуіне опасыздық жасағанын ашық түрде жария еткені үшін продюсерді сынаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Эфирге қатысқан заңгер “Әйел бақыты” бағдарламасын “рейтинг қуған” деп айыптады (видео)

Қазақстандық және қазақ эстрадасы: Әншілер неге екіге бөлініп алған?

Мұхтар Тайжан “Нұр Отаннан” Димашты саясатқа араластырмауларын сұрады

Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсетпек (видео)

Талқылау