Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева өзі туралы кино түсірмек

Баян Есентаева кезекті сұхбатында бір жыл бұрын кітап жазуға ұялғанын айтты. Алайда, көкейіндегі арманы оның қолына қалам алуына түрткі болған екен. Яғни ол кітаптан түскен қаражатқа әйелдер құқығын қорғайтын орталық ашпақ. Алдағы уақытта өзі туралы фильм түсіруі мүмкін екенін де жасырмады. Бірақ, бұл жоспары әлі нақтыланбаған екен.

18380902_1867667103313837_9144696001292926976_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлады.

“Бір жыл бұрын өзім туралы кітап жазуға ұялдым. Бірақ, уақыт өте келе адамдар мен олардың қалауы өзгереді. Ал қазір өзім туралы кино түсіруге ұялмас едім. Әзірге бұл туралы айту ерте. Сол себепті, алдымен, кітабымның оқырмандарға қаншалықты қызық болатынын көрейік. Ал тойым туралы сіздерге бірінші болып хабарлаймын”, – дейді Баян Есентаева.

Мұнымен қатар, продюсер өзін тарихтағы танымал адамдармен салыстырып, жұрттың өзін не себепті сынауға құмар екенін айтып берді.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева өзін тарихтағы танымал адамдармен салыстырды

Баян Есентаева кітабының бағасы мен түскен қаражатты қайда жұмсайтынын айтты

Галкин Алла Пугачеваны көйлексіз жатқан жерінен суретке түсіріп алған (фото)

Баян Есентаева: Менің отбасымда соңғы сөз ер адамға бұйырады

Талқылау