Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева ертең ауруханадан шығады

Күні кеше күйеуі қызғаныштан пышақтап, ауруханаға түскен Есентаева ертең ауруханадан шығарылмақ. Өзін үйге жедел шығаруды продюсердің өзі өтінген екен.

image

Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оның қолына алған әрбір жобасы елеусіз қалып көрмеген. Ерекше жобалары оны танымал продюсер етсе, ал түсірген фильмдері мол табыс әкеліп,ең табысты әйелдердің қатарынан көрінуге жол ашты. Бұл елдің сүйікті қызы әрі белгілі продюсері Баян Есентаева.

Шоу-бизнесте талай әншінің бағын ашып, жұлдызын жаққан да дәл осы іскер продюсер.

Олар – “Алломен” елді тәнті еткен Ерке Есмахан, Түрквижнді жеңген Жанар Дұғалова. Мөлдіреп тұрған Мөлдір Әуелбекова. Талайлардың таңдаулысы Айдана Меденова. “Кешью” және “Алау” тобы. Баянның бірнеше жыл қатарынан “Қазақ аруы” жобасын өткізіп, қас сұлуларды көпке танымал еткені тағы бар.

Өткен аптада ауыр халде Талғар аудандық ауруханасына түскен Баянның жағдайына туысқандары ғана емес, бүкіл қазақ елі, бүкіл Қазақстан алаңдаған болатын. Көптің тілеуі мен сәтті жасалған отаның арқасында беті бері қараған продюсер бүгінде тезірек ауруханадан шыққысы келеді екен. Бұған Баяндікі сияқты тастай қатты мінез керек шығар?

“Ауруханада көп жата бергісі келмейді, шамамен сенбі күні шығаруды жоспарлап отырмыз”, – дейді Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирургі Ербол Жақсылықұлы.

Сенбі күні, яғни ертең Баян үйіне шығуы мүмкін. Пышақ жарақатын алған продюсердің миы шайқалған, мұрны сынып, көзінің қарашығы жарақаттанған.

Осылайша, жағдайы бір қалыпқа түскен Баянды дәрігерлер жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырғанымен де продюсер ауысқысы жоқ. Себебі, ол әлі туыстарынан өзге  ешкіммен тілдескісі келмейді екен.Баянның қайсар мінезіне дәрігерлер де тәнті.

“Ол өте төзімді әйел. Жағдайы қатты қиын болса да, ем алу кезінде көңілі түскен емес. Ол өзін сергек ұстады”, – дейді Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирургі Ербол Жақсылықұлы

Баян Есентаева көптің бірі емес. Еліміздегі ең беделді де, танымал продюсер. Тіпті, көпшілік оны “Махаббат бекетінде” басты рөлді сомдаған Гүлнәздан таниды. Ал, қыз -келіншектердің басым бөлігі Баянды “әдемілік символы” ретінде санап еліктеген-ді.

Заңы қатал кино саласына ол 18 жасында актриса ретінде танылуды көздеп келген болатын. Алайда, ол бүгінде актриса емес,  шоу-бизнестен ойып тұрып орын алған  продюсер.

“Өте сұлу,  өзінің мамандығында  да адал, сондай бір сыйлы азаматшаның  халық білетін құрметті азаматшаның  осындай  оқиғаға ұшырауы  әрине жүректі ауыртады”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Ал әнші Бақыт Шадаева өнер адамдарының басым бөлігінің отбасының шайқалатынына олардың көп жағдайда танымалдылығы кедергі болатынын растайды.

Екі қыздың анасы Баянның әріптестерінің қатарына тез қосылуына бір кісідей тілекші болған Мақпал Жүнісова, Бақыт Шадаева мен қатар миллиондаған көрермен бар. 10 маусымда болған сұмдық жағдайды естіген  айтыскер ақын Саят Әбенов  Есентаеваға жыр  жолдарын арнапты. Өлеңі әлеуметтік желіде жылдам тарап кеткен.

“Енді оның тез таралып кетеді деген ойда  болған жоқпын.  Бұны тек Баянға тілекші болайық  дұғада болайық деген ниетте жазған болатынмын. Өйткені өр мінезді,  қайсар қыздың  осы өнер өлкесінде көрінбей кетуі бәрімізді бейжәй қалдырған жоқ, – дейді айтыскер Саят Әбенов.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған.


Жіберіп алмаңыздар:

Баян Есентаева орнынан тұрып, жүре бастады

Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Куәгер Баян Есентаеваны ұрып-соғу оқиғасының мән-жайын айтып берді

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Талқылау