Баян Есентаева күйеуін ренжіткенін мойындады

Бейсенбі, 24 Қараша , 2016 11:34

Танымал продюсер Баян Есентаева Vlast.kz басылымына сұхбат беріп, күеуінің үлгілі отағасы және әке болғанын тағы да бір рет айтып өтті. Продюсер күйеуімен 22 жыл бойы үлкен махаббатта өмір сүргенін тілге тиек етті. Ол алғаш рет күйеуін ренжіткенін мойындады.

0688136ff81e339291c4ac8a510ce6fa

Есентаеваның сөзінше, күйеуін кешіру үшін оған 4 ай қажет болған.

“Үш ай бойы мен ештеңеге қабілетсіз халде болдым. Аур күйзелісті бастан кешірдім, депрессияға қарсы дәрілер іштім, психологтарға барып емделдім, өзім барып үлгерген мемлекеттерде емделдім. Қытай, Франция – тексерістен өттім, инемен емделдім… істемеген нәрсем қалмады”, – деп атап өтті танымал продюсер.

Баян Есентаева күйеуін ренжіткені үшін жазаланғанын мойындады.

“Әркез Құдайға сендім. Өйткені өмірімде ешқандай жаман іске барған емеспін. Бұған дейін де талай айтқанмын, бетіне тіке қарай алмайтындай адамым жоқ. Жұмыста да, қарым-қатынаста да адал болдым. Тұрмыста болған 22 жылда адал болдым. Оны ренжіткенге дейін. Мен оны ренжіттім – сол үшін жазамды алдым”, – деді ол.

Баян Есентаева ешқашан тұрмыстық мәселелерге бас қатырып көрмегенін айтты. Атышулы оқиғаға дейін отбасындағы барлық ұйымдастырушылық мәселелермен бұрынғы күйеуінің айналысқанын тілге тиек етті.

“Жалғыз қалдым деген кезде тұрмыстық проблемаларға қатысты айттым. Ол мен 10 маусымға дейін ешқашан айналысып көрмеген дүниелерім. Мен үй қызметшісіне қанша ақша төленетінін, еттің қанша тұратынын білмейтінмін. Өз көлігіме жанармай құйған емеспін, тіпті, ұялы телефоныма ақша салып көрмегем. Ешқашан. Көліктің багы қай бетте екенін де білмедім. Тұрмыстық міндеттердің ішінде ұйымдастырушылық, әкімшілік жұмыстардың бәрі де соның мойнында болатын. Мен тек Баян Есентаева бола алатынмын. Сән салондарына барып, сүйікті жобаларыммен айналысатынмын. Баланың мектебіне қанша ақша жұмсалатынын да білген емеспін. Ол үнемі: «Баяша, сен жұмысыңды істе, қалғанын мен тындырамын», – деп айтатын. Қазір оның бәрінен айырылып қалдым. Анам жүргізуіші мен күзетшіге айлық төлеу керек екенін айтады, мектептен хабарласады… Мен абдырап қалдым. Оның барлығы қанша тұрады? Өзім күйзелісте бола тұра бұрын-соңды кезікпеген дүниелермен айналысудамын. Жалғыз қалдым дегенде осыны меңзедім. Жұмысыма келсем де сол, барлығы арнадан шығып кеткен. Байыппен ғана: «Қыздар кезек-кезек айналысайық – бірінші, екінші, үшінші, т.б. Қазір ең маңыздысы не? Сонымен айналысайық» – дедім. Ақырындап қалыпқа түсіп келе жатырмыз”, – деп жалғады сөзін Есентаева.

Продюсер болған оқиғадан кейін бет-әлпетінің өзгергеніне байланысты ел алдына шығудан әлі де қымсынатынын айтып берді. Одан бөлек, жан-жақтан көмек қолын созған жандардың көп болғанын тілге тиек етті.

“Есірігім ұстады. Мен өмір бойы әдемі әйел болдым. Адамдар маған әркез проблемасы жоқ әйел ретінде тамсана қарайтын. Ал енді сенің бетің қисық, көзің жұмылмайды, физикалық тұрғыдан тәнің ауырады, ал кейбір адамдар оларды ауруханада қабылдамай қойғаның үшін ренжиді – барып тұрған сандырақ. Ақша ұсынды, емханаларын, жеке ұшақтарын… Көбінесе адамдар өздерін осындай қырынан танытты. «Нұр Отаннан», министрліктерден бастап барлық жерден хабарласты, барлығы ауруханаға келді. Үлкен алғысымды білдіремін”, – деді танымал продюсер.

Есентаева болған оқиғаны қыздарының қалай қабылдағанын айтып берді:

“Екеуі де ішкі мәдениеттерінің жоғары екендіктерін, төзімді екендерін көрсетті. Біреуі де “мама сен жамансың, папа – сен жамансың” деп айтқан жоқ. Екеуі де: “Ол біздің әкеміз, ол біздің анамыз, біз сендерді жақсы көреміз, сендер қателестіңдер”, – деді”.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Мен өзіме ұнай бастадым

Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
13 күні 16 сағат кері

Katyn bastan, bala jastan

Анонимно
14 күні 6 сағат кері

Дегенмен да озинин жарын сондай деңгейде уру керекпа не деген адам кыздарын бир сат ойламаганыма пышактап одан зорлап маскарагой
Кызганатыны бар ауел бастан әйелін өзі тәрбиелеп алу керек еди ози

Анонимно
14 күні 17 сағат кері

Істерін істеп алып , енді сыңсып отыр ғой. Арыстандай азаматты түрмеде қор қылып. Махаббатпен өмір сүрдік дейді. Өзі айтқан еді ғой сүйген жоқпын деп . Осы баян бастан кеткен екен. Əдейі атын кіші əріппен жазып отырмын . Сен Баханын тырнағынада татымайтын жансың.

Анонимно
15 күні 39 минут кері

Баянды койш, үй тірлігіне үйренедиго бара бара. Ешким билип тумайдыго. Бас бостандығынан айырылып, түрмеде отырған арыстай азаматты айтшиш. Осыншама жаксы істер жасаған адамды бір кінəсі үшін түрмеге каматкан əйел енді өкінсен де болған істі кері бұра алмайды…

Анонимно
15 күні 1 бір сағат кері

Аллага шукирде аман калганынна

Акмарал
15 күні 2 сағат кері

Халқымызда ” сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді” деген. Тіл көзден сақтасын сені. Мойыма, сен əлі де көркемсің.

Акмарал
15 күні 2 сағат кері

Шындықты айта білу де ерлік.Баян- нағыз ер қыз екенсің.Əрине бірінші бақ- бақ деген. Пенде болғасын бəрі де қателеседі.Əйел ешқашан ердің басынан аспауы керек.Ұстамдылық қажет.Ерің ашуланғанда əдемі ғана еркелете білуің керек еді.Олар да кейде бала сияқты. Сонда ғана дым болмас еді.Бұл бір алланың сынағы болар. Сыннан сағың сынбасын. Екеуіңе де үлкен төзімділік берсін.

Анонимно
14 күні 20 сағат кері

Осының-ақ жыры бітпеді-ау!біреуге жан қайғы,біреуге мал қайғы . Есір əліде есір, керек еді сенің проблемаң халыққа. Сенің бетіңе алған бір сеансың халықтың айлап күтетін бір жалақысы екннін ұмытпағайсың!

Анонимно
15 күні 2 сағат кері

Аз алі саган

Анонимно
14 күні 18 сағат кері

Аз әлі саған деп табалауға шебер жандар бар. Ал осы іс өз бастарынан өтсе не әпкесі не карындасы,не анасы болса дәл осы сөзді айтарме екен? Баянды канша жек көрседе булай айтуға болмайды. Ол жанның басынан кандай киындык өткенін ешкім білмейді.Колдау көрсетіп,демеу болудың орнына табалаймызау не деген жандар

Анонимно
14 күні 20 сағат кері

Сол Нуротандыктар,министрлер т.б калталы азаматтар комектескиси келсе турмыстык жагдайы жок немесе мугедек т.б муктаж жандарга комектеспейд екен.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар