Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Қызтекелер біздің шоу-бизнесте жетерлік

Баян Есентаева соңғы кезде көпшіліктің сынына ұшыраған “Ninety one” тобына қатысты сынға өз пікірін білдірді.

8b06d61036b763edf622293567a1d9a9_XL

Сурет: khabar.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елімізге танымал продюсер Instagram парақшасына өз ойымен іспеттес пікірдің суретін салып, жанына “Бар мәселе топта емес, біздің әртүрлі екенімізде! Барлығына бір өлшеммен қарауды доғарайықшы! Қызтекелер бізде көп, шоу-бизнесте де солай, сонда олардың барлығын атып тастауымыз керек пе?” деп жазып,  “Ninety one” тобына тиген таяқтың бір ұшы өзге әріптестеріне де тиетінін тілге тиек етті. Бұл топты қызтеке деп атамай, бар болғаны олардың сырт келбеті өзгеше екенін меңзегені болса керек.

лш

Ары қарай “Мықтылар” неге үнсіз қалады, барлығы мәдениетті түрде бұл тақырыпты жылы жауып қояды. Олар да басқа, бізге ұқсамайды! Біз әртүрліміз!!! Және әркім өз алдына қайталанбас тұлға болуға құқылы!” деп өз пікірімен бөлісті. Желі қолданушыларын продюсердің қызтеке деп кімді меңзегені елең еткізді. Бұл сұрақтың жауабы әзірге тек Баян ханымға мәлім.

12-1

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін аталған топ продюсері мен оларды қатаң сынаған Зайытовтың бетпе-бет кездескені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау