Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады

Белгілі продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева жыл сайынғы «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялап, ақылы мен сұлулығы сай келген аруларды қатысуға шақырды.

kamshat3

«Жан сұлулығы мен тән сұлулығын, тәлім мен тәрбиені, білім мен біліктілікті ту еткен «Қазақ аруы» ұлттық сұлулық байқауына қатысам деуші бұрымдыларға құлаққағыс: АЛМАТЫ қаласында, қаңтар айының 24 мен 25 күндері, сағат 12:00-18:00 аралығында КАСТИНГ өткізіледі.

Байқау талаптары: қазақ тілін жетік меңгерген, сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімді, өнерлі, бойы 170 см, салмағы 53 кг-нан төмен, 16-22 жастағы, ұзын шашты ару болуы қажет. Сонымен, «Қазақ аруы-2016» атанып, алтын тәжді кім кимек? Мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесi,  134 (Абылайхан көшесiнiң қиылысы)», – деп жазылған  Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ продюсер Астанада өткізілетін уақытын қосымша хабарлайтынын айтты.

Талқылау